Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

 Қаржы  | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

Мазмұны


КІРІСПЕ..................................................................................................................4

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................9
1.1. Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі...............................................................................9
1.2. Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары.........................22
1.3. Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері........................26

Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ........................................34
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін талдау........................................................................................................34
2.2. Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау....................................................44
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін талдау.......................................................49

Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................71
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды жетілдіру............................................................................................71
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы ретінде...................................................................................................76

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................95

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз. АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек » деп айта кетті.
Сондай-ақ, «Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс».
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар - ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың
1 наурызында Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан өз дамуының жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атап өткендей: “ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету” /2,17/. Осы мақсатта қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі әсер ететін екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы қызметі. Екінші деңгейлі банктердің негізгі қызметінің бірі несиелендіру болып табылатындықтан, бұл қызметті реттеудің өзектілігі өздігінен ашылады.
Қазірігі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие қоржының құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясат стратегиясы, несиелік бюролар және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының несие жүйесін қалыптастыру және жетілдіру бойынша сұрақтардың өзектілігі артып келеді. Себебі несие жүйесін оңтайландырудың жаңа механизмдерін енгізу әлемдік стандарттарға сай келетін несиелік үрдістердің тиімділігінің артуына және нарық субъектілерінің экономикалық қарекетінің құқықтық және ақпараттық негіздерін құруға жағдай жасайды.
Банктік қызметтің құқықтық базасын жетілдіру заңшығарушылық процестің басты міндеті болып табылады. Сондықтан, банк қарекетінің құқықтық базасының дамуы заң шығару процесінің маңызды міндеті болып табылады. Нарық принципіне толыққанды сәйкес келетін, банк пен клиенттер арасындағы тең құқылы қатынастарды қалыптастыруға, әлемдік банк тәжірибесінде жалпыға ортақ қабылданған банктік қызметтің жаңа түрлерін дамытуға ықпал ететін банк қарекетін заңдық реттеу қажет болып табылады. Қор нарықтарын реттейтін заңнамаларды одан әрі дамыту қажет /3/.
Дипомдық жүмыстың зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі банктердің несие қарекеті табылады. Банктердің табыс көздерінің басты көзі несиелендіру болып табылатындықтан несие қарекетін жан-жақты зерттеп, оны жетілдіру тек банктердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де мүддесінде.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің несие қарекетін құқықтық реттеу мен оны басқарудың негізі қарастырылады. Банктік несиелендірудің мемлекетіміздің нарықтық-экономикалық қатынастарға өткеннен кейін маңыздылығы арта түсті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында екінші деңгейлі банктердің несиелік қарекетінің құқықтық реттеу негізін анықтау.
Осыдан барып дипломдық зерттеудің келесі міндеттері туындайды:
1) Несиенің теориялық негізін қарастыру;
2) Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің несиелік
қарекетінің құқықтық реттелуін ұйымдастыруды қарастыру;
3) Екінші деңгейлі банктердің несиені басқаруының қазіргі таңдағы
маңызды жақтарын қарастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесінің жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып шетелдік және отандық ғалымдардың банктік құқық, банктік несиелендіру саласындағы еңбектері жатады. Зерттеудің құқықтық және ақпараттық қамтылуы үшін банк қызметін реттеу үшін қолданылатын заңдылық актілер, ережелер және басқа да нормативтік құжаттар, коммерциялық банктердің несиелендіруде қоданылатын стандарттары, шаруашылық субьектілерінің түрлі ұйымдастыру - құқықтық формаларының қаржылық есептері негіз болды. Зерттеу әдістемесі диалектикалық ойлау және жүйелі ұмтылысты қолдану негізінде құрылған. Жұмыс барысында жалпы ғылымдық экономикалық, қаржылық арнайы әдістемелік тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрылған.

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл тарауда банктік несиелендірудің құқықтық реттелуі, несие берудің және қайтарудың құқықтық формалары, несие келісім-шартына жалпы сипаттамасы және банктік несиені қамтамасыз ету ерешеліктері қарастырылады.

1.1 Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі

Банк (екінші деңгейлі банктер) дегеніміз – акционерлік қоғам нысанында құрылған, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, яғни Қазақстан Республикасының “Банктер және банктік қызмет туралы” заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқықылы. Ал, банктік несие дегеніміз – несиелік мәміленің субъектілері ретінде міндетті түрде екі тұлға қатысатын, яғни несие беруші мен алушы бар несиенің арнайы түрі.
Банктер қаржы ресурстарын несие алушылардың осы құралдарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шоғырландырады. Мұндай операциялар экономикалық көзқарас тұрғысынан несиелік операциялар, ал заң тұрғысынан заем болып табылады /4, 354/. Несие (латын тілінен creditum – заем, қарыз дегенді білдіреді) – бұл ұйыммен және мемлекет тұлғаларының арасындағы уақытша қайтарым және пайыздық төлем негізінде (табиғи және ақшалай түрде) құн айырбасы операциясында пайда болған экономикалық қатынасты айқындаушы экономикалық түсінік /5, 357/. Несие (заем) капиталы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі