Қаржы | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру

 Қаржы  | Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

1. Заңды тұлғаларды несиелеудің теориялық негіздері ..........................
1.1 Заңды тұлғаларды несиелеу мәні......................................................
1.2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі...........................................
1.3 Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу....................

2. АҚ «Туран-Әлем Банк» тәжірибиесi негiзiнде заңды тұлғаларды несиелеу...................................................................
2.1 АҚ« Туран Әлем Банк» несие қызметiн ұйымдастыру................
2.2 АҚ «Бәйтерек-А» мысалында несиелiк қабiлеттiктi бағалау

3. ҚР Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары
3.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің даму перспективасы...................
3.2 Заңды тұлғаларды несиелеу механизмін жетілдіру....................
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................

Тақырыптың өзектілігі.
Елiмiздiң нарықтық қатнасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негiзгi факторы болып табылады.
Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі – банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.
Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.
Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл экономикалық өсуге, өз кезегінде, әсер етеді.
Жалпы алғанда, заңды тұлғаларды несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.
Бітіру жұмысының мақсаты – заңды тұлғаларды несиелеу механизмін қарастырып, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. заңды тұлғаларды несиелеу мәнін, механизмін;
2. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеу тәртібін;
3. заңды тұлғалардың несиелеуді жетілдіру жолдарын айқындау болып
табылады.
Зерттеу объектісіне – АҚ «Туран-ӘлемБанк»тiң тұлғаларды несиелеу қызметі жатады.
Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында 1999-жылғы 16-тамыздағы Қ.Р. Ұлттық банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейлі банктердің несиелеу бойынша құжат жүргізу Ережесіне», С.Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, Г.С. Сейтқасымовтың «Банковское дело» кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2003-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерді, АҚ Туран -Әлем Банк материалдарын пайдаландық.
Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда заңды тұлғаларды несиелеудің мәні, несиелеу механизмі және несиелеудің шетелдік тәжірибесі келтірілген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі заңды тұлғаларды несиелеу тәжірибелері және нақты кәсіпорындар мысалындағы несиелеу процесі қарастырылған. Үшінші тарауда заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары анықталған.

1. Заңды тұлғаларды несиелеудің теориялық негіздері

Заңды тұлғаларды несиелеу мәні

Заңды тұлғаларды несиелеу қандай-да бір шаруашылық субьектілердің қажеттіліктерін алуға мүмкіндік беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір қағидалар мен шарттарға сәйкес беру болып табылады.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
• несиенің мақсаттылығы;
• несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
• несиенің ақылылығы;
• несиенің қамтамасыз етілуі;
• несиенің сыйақылылығы;
Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.
Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.
Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:
• орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
• банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
• өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
• банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
• несиеге деген сұраныс;
• несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
• еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Несиелеудің келесі бір қағидасы – берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
1980-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық бағалылықтарымен жүзеге асырылып келді. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады /2. 54-57 бет/.
Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші класты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.
Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:
1. субъект;
2. объект;
3. қамтамасыздандыру.
Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.
Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:
• мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
• кооперативтер;
• акционерлік қоғамдар;
• жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
• банктер;
• билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.
Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі /3. 221-222 бет/.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.
Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.
Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.
Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.
Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.
Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.
Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.
Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.
Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.
Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады