Қаржы | Қазақстанда банк қызметтерін дамытудың перспективалары және мәселелерi

 Қаржы |  Қазақстанда банк қызметтерін дамытудың перспективалары және  мәселелерi

Мазмұны


КlРlСПЕ ................4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТЕРДІҢ АГЕНТТІК
ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ САУДАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және мәнi…………………..............................……………………7
1.2 Банктердің корреспонденттік операцияларының жүйесі және
төлем механизімі................................................................................................18
1.3 Банктердің корреспонденттік операцияларының формалары
және төлем құжаттары.......................................................................................27
1.4 Қазақстандың банктердiң сыртқы экономикалың қызметiнiң
негiзгi бағыттары……………………………………………………….………37
1.5 Банк технологияларының қазiргi кездегi даму тенденциялары………....….39


2 ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ
ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының банктерiнiң көрсететiн қызмет нарығының
дамуы (2001-2003)………………………....................................………………41
2.2 Оңтүстiк Қазақстан облысында жаңа банк қызметтерiн
ендiру тәжiрибесiн талдау …….......................................………………………51

3 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРl
3.1 Қазақстан Республикасында банк өнiмдерi мен қызметтерiн
қолдану механизмiнiң дамуы ..................................................................…59
3.2 Банк өнiмдерi мен қызметтерiн енгiзудiң халықаралық тәжiрибесi және
оларды Қазақстанда қолдану мүмкiндiктерi…...............................................66

ҚОРЫТЫНДЫ…………...........…………………………………………………73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl…......................……………………75

Зерттеу жүргiзудiң өзектiлiлiгi. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баÿғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реôормалаудың ½зақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реôормалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реôормалау iсi ең алдымен коммерöиÿлық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы, қарастырылып отырған банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жүйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сҮрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Факторлың талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. БҮл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жақа бағыт болып табылады, сондыңтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлың аталған себептер осы диплом жүмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
1. Банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаумен байланысты теориялың сұрақтарды оқып бiлу, олардың құралын анықтау, маңызын нақтылау және оларға анықтама беру;
2. Банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтау әдiстерiне талдау жүргiзу және әртүрлi қызмет түрлерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
3. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандың банк мекемелерiне банк iсiн жетiлдiру үшiн нақты Үсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi мен объектiсi. Жұмыстың пәнi реттiнде банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың құралдарымен және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметi болып табылады.
Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн: Қазақстан Республикасының заңдары, ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еқбектерi, оқулықтар мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәлiметтерi құрайды.
Диплом жұмысынын құрылымы: жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТЕРДІҢ АГЕНТТІК
ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ САУДАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және мәнi

Қазiргi таңдағы экономиканық құрамдас элементтерi өзара тығыз байланысты өте күрделi жүйе ретiнде сипатталады және өте маңызды рөл атқарады. Соның iшiнде бүкiл экономиканық дұрыс және тиiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз ететiн банк жүйесi ерекше орын алады. Кез-келген дамыған мемлекеттi бүгiнгi күнi тармақталған банк жүйесiнсiз елестете алмаймыз. Банктер қазiргi таңдағы экономиканық дамуына ыңпал ететiн мемлекеттiң экономикалың құралдарының бiрi болып табылады.
Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан тұрлерiнiң жиынтығы [12,24 б.].
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканық үлгiсiне байланысты болады. Орталыңтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарыңтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артың. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканық салалық және аумақтың даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.
Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:
- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
- мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
- басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету банктердiң сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б. [1 ,2 б.].
Қазақстан Республикасы орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарыңтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандың шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы тұрi. Коммерциялық банктер қызметiнiң мәселелерi оқу құралының кейiнгi тарауында кеңiрек қарастырылады.
Нарықтың экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоцациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.
Банктердiң маңызды мiндеттерiне ақша айналымын және капитал айналымын үздiксiз қамтамасыз ету, халық шаруашылықтың жинақтарын жинақтау мақсатында ақшалай қаражаттарды тиiмдi жұмсаудың мүмкiншiлiктерiн кеңейту жатады.
Бүгiнгi таңда Қазақстандағы банк жүйесi 1987 жылдан бастап жүргiзiлiп келе жатқан тұрлi өзгерiстердiң нәтижесiнде қалыптасқан құрылым. Ескi және жаңа банк құрылымдарының бiрiгуi нәтижесiнде республикада екi деңгейлi банк жүйесi қалыптасты: бiрiншi деңгей -ұлттық банк тұрiнде, ал екiншi немесе төменгi деңгей - мемлекеттiк, коммерциялық, бiрлескен және шетел банктерi тұрiнде келтiрiлген. ұлттық банк Қазақстанның басты банкi болып саналады және мемлекеттiң меншiгiне жатады. Бiр жағынан, ол белгiлi бiр коммерциялық банктер мен мемлекетпен азаматтың - құқықтың келiсiмдер жүргiзетiн заңды тұлға болып табылады. Екiншi жағынан, Қазақстан Республикасыны ұлттық банкi туралы Заңында көрiнiс алған Республиканық ақша-несие жүйесiн басқару бойынша билiк ету өкiлеттiлiгiмен берiлген. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң басты мақсаты ҚР-ның Ұлттық ақша–несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын реттеу, банктiк есеп-айырысуларды және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, ақша, несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және жағдай жасау, банктiң қарыз алушыларымен салымшыларының құқықтарын қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкi мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде қызмет етедi, Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валюталарын сату, сатып алу және айырбас операцияларын жүргiзетiн коммерциалық банктер мен ұйымдардың қызметiн бақылап, банктердiң қызметiн реттейтiн пруденциалдың нормативтердi бекiтедi, яғни ұлттық банк ақша-несие саласының жұмыс iстеуiне толығымен жауапты және Қазақстан Республикасының Орталық банктерiне және басқа да елдердiң қаржы-несие мекемелерiне қатысты мiндеттемелерiн сипаттайды [19 ,23 б.].
Екi деңгейлi банк жүйесi банктер арасындағы екi кеңiстiктегi қарым-қатынастарын құруға негiзделген: тiгiнен және көлденең. Көлденең байланыс бойынша - ұлттық банк басқару орталығы ретiнде, ал төменгi буындары бағынушы қатынастарымен – коммерциялық және мамандандырылған банктермен – сиппатталады; тiгiнен байланыс бойынша – тұрлi төменгi буындарының арасындағы тең құқықты қатынастармен сипатталады. Мүнда әкiмшiлiк функциялары және шаруашылыққа қызмет көрсетумен байланысты операциялық қызметтерi бөлiнедi. ұлттық банк тек клиенттердiң екi категориясы үшiн ғана банктердiң банкi болып есептеледi – коммерциялық, мамандандырылған банктер және үкiмет құрылымдары үшiн, қаржы-несие қызмет нарығының жұмыс iстеуiн реттеу және бақылау мақсатында банк мекемелердiң қызметiн басқару қызметiн атқарады.
Нарық жағдайында банк секторын қалыптастыру үшiн, бiздiң пiкiрiмiзше, тек банк секторының iшiндегi ғана емес, сонымен қатар, макроэкономикалық деқгейдегi процестермен өзара әрекеттесуi, өзара байланысы да аса маңызды.
Елiмiзде банк жүйесiн қайта құру және дамыту үшiн бiр-бiрiмен байланысты iс-шараларды жүргiзу, күрделi ақша-несие саясатын жүзеге асыру инфляцияны төмендетуге, теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пайыздың ставкiлердiң деңгейiн төмендетуге мүмкiндiк бердi [23, 38 б.].
ҚР-ның ұлттық банкi классикалық ақша-несие құралдарын қолданады: қаржыландыру барысында банктер беретiн несие көлемiн реттеу, қайта қаржыландырудың жарияланған мөлшерлемесiн анықтау, мiндеттi қорлардың нормаларын (мөлшерiн) бекiту және т.б. бағалы қағаздары бойынша операцияларды жүргiзу операцияларын пайдаланады.
Үкiмет пен ұлттық банктiң инфляцияға қарсы қатаң саясатымен қатар инфляцияның жоғарылауына макроэкономикалық деңгейдегi құрылымдың-институционалды қайта құру қарқынының баяулауы әсерiн тигiздi. ґндiрiстiң құлдырау қарқынын төмендету шаруашылық етушi субъектiлердiң тарапынан ақшаға деген сұраныстың өсуiне әкелiп соқты. Өткен жылғы ақша-несиелiк реттеудiң жетекшi стратегиясы қол жеткен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру, экономикалық өсу мақсатына өтудi қамтамасыз ету және жаңа экономикалық субъектiлердiң қызметiне қолдау көрсетуге бағытталған болатын.
Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi'' туралы Заңымен анықталғандай, екiншi деңгейлi банктер акцияларын шығаруға құқығы жоқ акционерлiк қоғамдар формасында құрылады.
Банктер, мемелекеттiк банктердi есепке алмағанда, меншiктiң кез-келген формасының негiзiнде құрыла алады. Банктердiң құрылтайшылары мен акционерлерi ҚР-ның резидентерi емес–банктермен, банк бөлiмшелерiн құру ерекшелiктерiн ескере отырып, заңға қайшы келмейтiн, Қазақстанның заңды және жеке резидент емес тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту, банктердiң және банк емес қаржы мекемелерiнiң корреспонденттiк есеп шоттарын, сонымен қатар банктердiң металлдың есеп шоттарын ашу және жүргiзу; кассалық аудару, есепке алу; ссудалық, трасттың, клирингтiк, сейфтiк, ломбардты операцияларды жүзеге асыру; күрделi салымдарды қаржыландыру; шетел валютасымен операцияларды жүргiзу сияқты операцияларды жүргiзуге құқықты.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң құрылымы [19,5 б.]...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі