Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары

Дипломдық жұмыс:  Қаржы |  Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары казакша Дипломдық жұмыс:  Қаржы |  Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………...4

І. Теориялық бөлім..................................................................................................8
БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi …………..8
1.2. Несие бағасын анықтайтын және оған әсер ететiн факторлар….13
1.3. Банктік сыйақы мөлшерлемелері: жәй және күрделi ……………18

ІІ. Негізгі бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕ СЫЙАҚЫ ЕСЕПТЕУІН ТАЛДАУ
2.1. Банктердің сырттан тартқан қаражаттары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау …………………………………………….21
2.2. Несиелік операциялары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау …………………………………………………………………..33
2.3. «Казкоммерцбанк» АҚ банктік сыйыақы құру саясатын талдау……………………………………………………………………………….43

ІІІ. Талдау бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫ ҚҰРУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1.Банктік сыйақы құру саясатын жетілдіруде атқарылатын іс – шаралар…………………………………………………………………………….53
3.2. Банктік сыйақы құру сасатын жетілдіруде ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру жолдары …………………………………...62

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………...70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………........74

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі – бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.
Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.
Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі, бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды.
Бірақ қоғамда кәсіпорындар мен банктер жеке- дара экономикалық мүдделеріне ұмтылады, сондықтан олардың екі жақты қанағаттандыратын келісімге келуі қиындыққа соғады. Сонымен қатар, екі жақтың бір бағытта жұмыс істеуіне көптеген сыртқы факторлары кедергі болып келеді.
Коммерциялық банктер коммерциялық құрылым бола отырып әр қашанда жоғары пайданы алуға ұмтылады, ол үшін олар өзінің негізгі қызметін- қаржылық делдалдық- атқарып өзінің капиталына сыйақылар қосып жетіп отырады.
Бұл нәтижеге жету үшін коммерциялық банктер тиімді сыйақы құру саясатын қалыптастырыу тиіс.
Банк саясатын қалыптастырудағы негізгі кезең мақсаттарды анықтап, оны жүзеге асыру мақсатында тиісті құралдарды дұрыс таңдай білу болып табылады. Әрбір банк үшін өзінің мақсаттары айқын болуы маңызды.
Макроэкономикалық деңгейдегі коммерциялық банктердің Ұлттық Банкпен біріге отырып қол жеткізуге тиіс мақсатына банк жүйесі мен экономиканың қалыпты дамуын қолдау болып табылады.
Коммерциялық банктің жалпы мақсаты, оның саясатының табыстылылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекел деңгейінің төмендігі, депозиттік және несиелік портфельдің оңтайлылығына қол жеткізуден көрінеді.
Коммерциялық банктерінің қызмет етуінің басты сипаттарының бірі ол тиімді сыйақы мөлшерлемесін құру болып табылады. Банктік сыйақыны құру принциптерін білу кез келген кәсіпкер үшін несиені оңтайлы пайыздарымен алуға немесе уақытша бос ақшалай қаражаттарын тиімді орналастыруға мүмкіндік береді.
Базалық ставка (prime rate) құрылымына:
• банктің ақшалай қаражаттарының максималдық құны ( әдетте, халықтың депозиттік сертификаттары бойынша ставкалары);
• банктің операциондық шағындары;
• пайда нормасы кіреді.
Банктің сыйақы құру саясатын (немесе пайыздық) оның жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, біз банктік сыйақы құру саясаттың мақсаттарының банктің стратегиялық мақсаттарына қарағанда шектеулі байланыста болып, банк саясатының мақсаттарымен үйлестіріліп жасалынатынына көз жеткіземіз. Банктің стратегиялық мақсаттары сияқты, сыйақы құру саясаты да салымшылардың қаржыларын тарту немесе несиеге орналастыру арқылы табыс табуды көздейді. Осыдан, банктік сыйақы құру саясаттың мақсаты сырттан тартатын қаржыларды өз пайдасына шоғырландыру және тиімді активтік операциялары арқылы банктің өтімділікке деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Сонымен, банктің алдына қойған мақсаттары сан алуан болуы мүмкін, бірақ оларды қызметтің стратегиялық бағыттары мен жалпы аяққы мақсаттардан бөлек қарастыру қажет. Банктің дамуындағы жеке мақсаттарға сүйене отырып, оның жалпы мақсатын анықтауға болады. Бұл аяққы мақсат белгілі бір өлшемдер арқылы өлшеніп отыруы тиіс. Ол – нақты, қарапайым, өлшемді болуы тиіс. Егер, қойылған мақсатты сандық өлшеммен өлшеуге болмайтын болса, онда ол уақыт өлшемімен өлшенуі тиіс.
Нақты бір коммерциялық банктің деңгейінде оның саясаты банктің рентабельділігі, өтімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк операцияларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру шараларынан көрінеді.
Банктің стратегиясын оны жүзеге асырудың мақсаты мен әдістері деп анықтап, ал тактикасын мақсаттарға жетудегі нақты бір әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп белгілеуге болады. Стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тактика стратегияны іс жүзінде жүзеге асырудың нақты құралы болып табылады. Сондықтан, банктің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттердің үйлесуі коммерциялық банктерге өз қызметіндегі келеңсіз жағдайлардың болмауының алдын алуға мүмкіндік береді.
Банктік сыйақы құру саясаттың рөлі банктің ресурстарды шоғырландырып, оларды инвестициялау, депозиттік процессті дамыту мен оның тиімділігін арттыру барысында банк қызметінің басым бағыттарын одан әрі жетілдіру жолдарынан көрініс табады.
Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып банктік сыйақының экономикалық мазмұнын анықтау және қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда әлемдік тәжірибені оқып біліп банктік сыйақының құру саясатын жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
-Банктік сыйақы қалыптасуының саясатының теориялық сұрақтарын оқып білу, оның құрылымын анықтау, «банктік сыйақы» түсініктін экономикалық мазмұнын нақтылау және оған толық анықтама беру;
-Ел экономикасында банктердің сыйақы құру саясатының барысына талдау жасап, оған әсер ететін факторларды анықтау;
-Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін банктік сыйақыны құру саясатын жетілдірудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде банктік сыйақыны саясатын қалыптасытыру құралдары, қолдану механизмі және әдістерімен байланысты теорилық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің сыйақысын құру саясаты болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.
І. Теориялық бөлім
БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1 Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi

Ссудалық сыйақы (мүдде), төлем мөлшерiн өлшеу үшін қолданылатын өлшем бiрлiгi. Теориялық тұрғыдан алғанда оны төлеудiң көзi, қарыз алушының несиенi пайдалану нәтижесiнде алынған таза табысы болып табылады.
Әлемдiк банк тәжiрибесiнде ссудалық сыйақының (мүдденiң) бiрнеше түрлерi қалыптасқан, оларды төмендегiдей бiрқатар белгiлерi бойынша жiктеуге болады.
Кесте 1. Ссудалық сыйақы (мүдде) түрлерiнiң жiктелуi

Жiктелу белгiлерi Ссудалық сыйақы түрлерi
1. Несиенiң нысандары бойынша • коммерциялық сыйақы,
• банктiк сыйақы,
• тұтынушылық сыйақы,
• лизингтiк келiсiм сыйақысы, мемлекеттiк несие сыйақысы
2. Несие мекемелерiнiң түрлерi бойынша • орталық банктiң есептiк сыйақысы, банктiк сыйақы,
• ломбардтық сыйақы
3. Инвестиция түрлерi бойынша • Айналым қаржыларына несие берудiң сыйақысы,
• негiзгi қорларды инвестициялаудың сыйақысы,
• бағалы қағаздарды инвестиция-лаудың сыйақысы
4. Несиелеу мерзiмдерi бойынша • қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,
• ұзақ мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,
• орта мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы
5. Несие мекемелерiнiң операцияларының түрлерi бойынша • депозиттiк сыйақы,
• ссудалық сыйақы,
• банкаралық несие бойынша сыйақы т.б.
Банктiк сыйақы (мүдде) несие қатынастарының субъектiлерiнiң бiрi банк болғанда пайда болады. Банктiк сыйақыны қарастырған кезде несие мекемелерi ссудаға негiзiнен өз меншiгiндегi қаржыларды емес, сырттан тартылған қаржыларды беретiнiн ескерген жөн. Банктың алатын табысы уақытша бос қаржыларды қайта бөлу кезiндегi делдалдық қызмет көрсеткенi үшін өтемақы болып табылады.
Мұндағы ескерте кететiн бiр жағдай, Қазақстан Республикасындағы банк жұйесiнiң заңнамаларында болып жатқан өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес 1997 жылдың орта шенiнен бастап ''процент'' терминiн ''сыйақы (мүдде)'' терминiне алмастырған.
Сыйақы нормасын есептеу кезiнде әрбiр нақты келiсiмде коммерциялық банктер келесi жағдайларды ескередi:
• негiзгi сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейi. Ол қамтамасыз етiлген несиелер бойынша несиелiк қабiлетi өте жоғары клиенттерге белгiлi бiр кезеңде белгiленедi;
• әрбiр жеке келiсiмдегi жағдайды ескере отырып, тәуекелдiлiкке орнатылатын үстеме.
Негiзгi сыйақы мөлшерлемесi несиелiк салымдардың шамамен алынған өзiндiк құнына және ссудалық операциялардың алдағы кезеңдегi табыстылығының деңгейiне байланысты келесi формула бойынша есептеледi:

Негiзгi сыйақы ставкасы=О1 + О2 + Тж

Мұндағы:
О1 – жоспарланған кезеңдегi барлық несие ресурстарының орташа нақты бағасы
О2 – банк қызметiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты жоспарланған шығындардың алдағы кезеңде қаржыларды тиiмдi жайғастырудан күтiлетiн шығындар көлемiне қатынасы
Тж – банктiң ссудалық операцияларының табыстылығының жоспарланған деңгейi
Несие ресурстарының орташа нақты бағасы ресурстардың жеке түрлерiнiң бағасы мен оның банктiң шоғырландыратын ресурстарының жалпы сомасындағы үлес салмағымен анықталады.
Өз кезегiнде, банктiң тартатын жеке ресурстарының орташа нақты бағасы келесi формула бойынша анықталады:



ДС
СД = ---------------------------------- х 100%
1 - мiндеттi резерв нормасы


Мұндағы:

СД – банктiң тартатын мерзiмдi депозиттерiнiң орташа нақты бағасы
ДС – депозиттiк сыйақының орташа рыноктық деңгейi. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары, дипломдык Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на каза, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін