Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

 Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

Мазмұны

1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

1.1 Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі
1.2 Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдаудың объективті қажеттілігі
2 тарау Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
2.1 Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және ұйымдастыру жүйесі
2.2 Банк активтерін және пассивтерін талдау
2.3 Банк тәуекелдерін басқару және оның өтімділік тәуекелін талдау
3. тарау Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
3.1 Коммерциядық банктердің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталынады және банк жұмысындағы ең маңыздысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталған ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85%)- қоғамдікі, яғни банктен тыс субъкетілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаражаттарын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын ҚР Ұлттық Банкінің шығарған заңдары мен нормативті құқықтық актілері арқылы реттеліп отырады. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 7 жыл ішінде елдегі коммерциялық банктер саны 237-ден қазіргі кезде 35-ке жуығы қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менеджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық бақылау мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процесстерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі.Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктің жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сол себепті банктегі қаржылық менеджменттің негізгі бағыты келесі мәселелерге жұмылдырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстанда банктер-қаржы нарығында әртарапты операцияларды орындайтын айрықша құқыққа ие әмбебап несие мекемелері.Олар әртүрлі түрде және әртүрлі мерзімге несие берумен және бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер-өз клиенттеріне әртүрлі қызмет көрсететін ерекше кәсіпорын.Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі емес формалары көбеюде.Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек.Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншікті формасына жататындығынан емес, олардың ақы негізінде (%-ставкамен немесе коммисиондық төлемдермен) клиенттерге көрсететін қызметтердің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер-коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.
Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржы менеджменті туралы жалпы түсінік және оның экономикалық маңызы жайлы қарастырдым. Сонымен қатар, банктің қаржылық тұрақтылығын және қаржылық қызметті басқару қарастырылған.
Екінші бөлімде
1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

1.1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі

Коммерциялық банк - бұл қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық сала. Экономикалық және қаржылық қызметтерден басқа банктік жүйе әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асырады, яғни әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды салықтық төлемдер арқылы қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қалыптастыру және салымшылар үшін қосылған құнды қалыптастыру.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығының проблемасы болып Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақтылығы болып табылады.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
1. Әлеуметтік-саяси жағдай, яғни үкімет тұрақтылығы, оппозиция әсері, әкімшілік-территориялық мамандықтың орнықтылығы.
2. Жалпы экономикалық жағдай-экономиканың нақты секторының потенциалы, өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі, инвестициялар.
3. Қаржы нарығындағы жағдай, яғни банктік салымдардың пайыздық мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі, (валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эммисиясы, инфляция қарқыны, ҚР Ұлттық Банкінің саясаты, алтын валюта қорының көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі)
4. Несиелік ұйымның ішкі тұрақтылығы-банк стратегиясы мен миссиясы, кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал жеткіліктілігі.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар:
Коммерциялық банктің тұрақтылығы сипаттамасын жалпы қарау үшін қның жалпы экокномикалық мазмұнының құрылымын қарау керек:
1. Коммерциялық банктің капитал тұрақтылығы. Бұл банктің меншікті капитал мөлшерімен анықталады. Банктің меншікті капиталының мөлшері банктік салымдар туралы талаптарды қанағаттандыру үшін ақша қорларының көлемін, күтілмеген шығындар мен қарыздарды жабу және банкті дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
2. Коммерциялық банктің коммерциялық тұрақтылығы, яғни мемлекетпен қарым-қатынас байланысының дәрежесі, банкаралық қарым-қатынасқа қатысу, елдегі қаржы ағымын бақылау, банктің ақша капиталының нақты капитал нарығымен тығыз байланысы.
3. Коммерциялық банктің функционалдық тұрақтылығы:
• Коммерциялық банк қызметінің шектелген шеңберде мамандандырылуы;
• Банк қызметінің нығаюы немесе әмбебаптануы;
4. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығы:
Банктің ұйымдық құрылымы және оны басқару банктің мақсаты ретінде сәйкес болуы керек. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығының басты параметрі болып функционалды-технологиялық құжаттар негізінде банктік іс-әрекеттің ұйымдық технологиялық жіктелуі табылады.
5. Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығы: Бұған банк іс-әрекеті жағдайының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жатқызуға болады, жеке құрылымдардың көлемі және құрылымы, өнімділік, банктің қосылған құн құруы.
Банктік менеджмент-жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент-бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктнгі объект құрылымына байланысты.Сондықтан оны банктік іс-әрекет ретінде қарауға болады.

Кесте 1.1
Банктік менеджменттің қызметі
Қаржы менеджменті Қызметкерлерді басқару
1.Активтер мен пассивтерді басқару
2.Өтімділікті басқару
3.Меншікті капиталды басқару
4.Қарыз капиталын басқару
5.Банктік тәуекелділікті басқару
6.Несие қоржынын басқару
7.Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру 1.Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы.
2.Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру
Банк-жеке және қарыз капиталын басқаратын ұйым.Бірақ капиталды әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады .Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды.Сондықтан адам капиталын басқару-бұл несиелік ұйымды басқару процессінде адамға деген қатынас.Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т.б. болуы мүмкін.Банктік менеджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген.(1.2. кестені қара)...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?