Зируза Тасмағамбетова (1997 жылы)

 Зируза Тасмағамбетова  (1997 жылы)

Зируза Тасмағамбетова 1997 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «Қобыз» класы бойынша бітірген. Ал қазір Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледже білім алып жүр.
Зируза – небәрі бір жылдың ішінде тыңдарманға тез танылып үлгерген жас талант. Алғашында Алматыға арман қуып келген балауса қыз «Juz Entertainment» продюсерлік орталығында тәжірибеден өтті. Ол жерде Ерболат Беделхан ашпақшы болған girlz-band құрамында ән салуға дайындалған болатын. Алайда, кейін продюсердің бұл ойы жүзеге аспай қалған соң, Зируза продюсерлік орталықтан кетті.
Сол сәтсіздіктен кейін қаладағы кафелердің бірінде ән салып жүрген Зирузаға «Инстаграм» желісінде продюсер Ерлан Әлімов бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасайды. Жас әнші көп ойланбастан келісімшартқа қол қояды.
2017 жылдың мамыр айында Зируза өзінің «Айт енді» атты алғашқы бейнебаянын көрерменге ұсынды. Аз уақыттың ішінде өзінің «Loyals» деп аталатын жанкүйерлер тобын жинап үлгерді. Бүгінде жанкүйерлерінің көпшілігі Зирузаны «Q-pop ханшайымы» деп атап жүр. Бірақ, әнші тек Q-pop жанрындағы әндерді шырқаумен шектелгісі келмейді. Өзінің әртүрлі бағытта өнер көрсетуге дайын екенін Зируза сұхбаттарында жиі айтып жүр. Мәселен, ол қазірге дейін тек әншілікпен ғана шектелмей, «Көке», «Ана жүрегі» телехикаяларына, «Қырғын Текше», «Әли» фильмдеріне түсіп үлгерді. Бос уақытында сурет салып, билегенді жақсы көреді. Зирузаның «Төзім» атты әнінің («Ана жүрегі» телехикаясының саундтрегі) бейнебаянын көрермендердің басым бөлігі жылы қабылдады. Ал, оның үшінші бейнебаяны «Қиын/Оңай» қазірге дейін 5 миллионға жуық қаралым жинады. Дәл осы ән үшін Зируза «Жыл таңдауы – 2017» байқауында жеңімпаз атанды.
Зируза – өте еңбекқор әнші. Айналасы бір жылдың ішінде 3 бейнебаян түсіріп, 6 ән жаздырған ол қазір жеке альбомын жарыққа шығаруға дайындалып жүр. Зирузаның тынымсыз ізденісіне қазірдің өзінде өнердің басы-қасында жүрген танымал адамдар оң баға беріп үлгерді. Мәселен, әнші Дильназ Ахмадиева «Гәкку» арнасындағы «Если честно» бағдарламасына берген сұхбатында «Зируза бір жылдың ішінде көп өзгерді. Ол өзіне өте сенімді қыз, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтыны байқалады. Вокалдық техникасы да, әртістік қабілеті де шыңдала түскені көрініп тұр» деді. Ал, продюсер Алуа Қонарова Зирузаны талантты, тәуелсіз, өзгеше әнші деп бағалады.
Зируза тойда ән салуға және тойға арнап ән жаздыруға түбегейлі қарсы. Себебі, ол той әндері тыңдарманның талғамын бұзады деп есептейді. Өзі тек сапалы әндер орындау арқылы қазақ шоу-бизнесінің дамуына үлес қосуды көздейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.