Нұрболат Абдуллин

 Нұрболат Абдуллин

Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды.
Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.
Жанкүйерлері Нұрболатты продюсерсіз, демеушісіз, өз еңбегімен қазіргі деңгейіне жеткен әнші деп есептейді. Ол алдымен, аудандық мәдениет үйінде, кейінірек Алматыда музыкалық мектепте оқушыларға вокалдан сабақ беріп жүрген кезінде Алтынбек Қоразбаевтың көзіне түседі. Осылайша, ол Қоразбаевтың шақыруымен «Қазақконцертке» жұмысқа қабылданады. «Үйде үйдің кенжесі едім, «Қазақконцертке» келіп, жұмыстың кенжесі болдым» дейді Нұрболат.
Әншінің репертуарындағы «Дейсің», «Сен қорқақсың», «Сүйгенің қайда», «Тағы да вальс», «Түнгі лирика», «Жүрегім» секілді әндер халық арасында хитке айналған. Әсіресе, таяуда ғана жарыққа шыққан «Тағы да вальс» әнін аға буын өкілдері жылы қабылдады. Нұрболат – жанды дауыста қиналмайтын шырқайтын әнші. Ол өзінің еңбекқорлығы мен жан-жақтылығын «Хабар» арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» додасында көрсете білді. Ақтық кезеңде Нұрболат Қайрат Нұртастан жеңіліп қалғанда, тыңдармандар пікірі екіге жарылды. «Қайрат жанкүйерлерінің көмегімен жеңіп кетті. Ал, Нұрболат елге енді танылып келе жатқан әртіс» десті тыңдармандар. Не десе де, «Жұлдызды жекпе-жек» әншінің кез келген бағыттағы әнді орындай алатын кең диапазонын көрсетті.
2018 жылдың көктемінде Алматыдағы Республика сарайында Нұрболат Абдуллиннің жеке концерті өтті. Бұл – Нұрбуллиннің (әншінің сахналық есімі) халық алдында берген алғашқы есеп беру кеші.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?