Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)

 Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)

Әсел Сәдуақасова - актриса, әнші, продюсер.
1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша бітірген, ұлттық және бал билерімен айналысқан. Екі жоғары мамандықтың иегері - журналистика мен психология.
2002 жылы «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. Топ құрамында 11 жыл бойы өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Аяри» лақап атымен жеке шығып жүрді. Кейіннен құрбысы екеуі жаңа құрамның продюсері атанды. Екі бейнебаян түсірді. Әсел Сәдуақасованың өзі продюсер болған «Жұлдыз болғым келеді» жобасында жаңа жұлдыздарды тапты – «Altyn Girls» мен «Кофеин» топтары.
2015 жылы бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі болды. Әселдің айтуынша, ол қазір ән айтуды тоқтатқан. Қазіргі таңда, жүргізушілік, актерлік және продюсерлік салаларға көбірек көңіл бөліп жүр. «Sunny Production» продюсерлік орталығының негізін қалаған.
Кинодағы рөлдері:
2017 Келін де адам баласы / Келинка тоже человек
2016 30-да күйеуге шығу / Замуж в 30
2014 Сүр бойдақ / Холостяк (хикая, Казахстан) - Диана
2011-2012 Жаным-2 (хикая, Казахстан) - Айсұлу – басты рөл
2010-2011 Әсел және достары мен құрбылары / Асель, друзья и подруги (хикая, Қазақстан) - Ғалима
2001-2003 Шегіртке / Саранча (хикая, Қазақстан) – Райхан


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!