Айнұр Ілиясова Асхатқызы (1986 жылы)

 Айнұр Ілиясова Асхатқызы (1986 жылы)

Айнұр Асхатқызы Ілиясова 1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Өскемен қаласында өткен. О. Бөкей атындағы №44 мектепті тәмамдаған. Одан соң Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер және энергетика» фаультетінде білім алған. Университет бітірген соң, Айнұр Жамбыл атындағы облыстық Шығыс Қазақстан театрынан жұмысқа шақырту алады. Сол жылы ол Б.Бейшеналиев атындағы өнер инстутитутының «Театр және кино актері» мамандығына түсіп, сырттай оқып шығады.

2010 жылы Алматыға келген ол көптеген жобалар мен сериалдарға түскен: “Побег
из аула”, “Парыз”, “Бажалар”, “Сырғалым”,”Сырғалым
2″, сондай-ақ толықметражды “Келинка Сабина ” фильмі. Жобалар
мен бағдарламалар: «Әзіл-кеш», «Сол жылдар», «KZландия», «Ду-думан».

Отандық актриса Айнұр Ілясова екі ай бұрын тұрмысқа шығып, қазір нағыз отбасылық өмірдің қызығына кенеліп жатыр. «Ол өте қызық жігіт, өте ақылды, оның ер адам ретінде маған көңіл бөлгені мені қызықтырады. Ол шығармашылық адамы емес, сондықтан шығар жарнаманы ұнатпайды. Біз-бір-бірімізді өте қатты сүйеміз және түсінісеміз. Өмірді, адамдарды, айналасын бағалай алатын екі адам кездесіп, табысты деп айта аламын. Біз мұның бәрінен өттік», - дейді Айнұр.
Әрбір тұрмыстағы әйелдер сияқты, Айнұрдың да енді үй шаруалары көбейді. Онымен қатар сүйген жарын түрлі дәмді тағамдармен еркелетіп отыру да керек. Қуанышқа орай, Айнұр ас үйдің қыр-сырын жақсы біледі. Өзім өскен отбасында ерекше бір тамақтану дәстүрі болды деп айта алмаймын. Әдеттегідей, таңертең тұрғаннан кейін таңғы асымызды ішеміз. Одан кейін түскі ас, кешкі ас. Бәрі де ел қатарлы.

Ал отбасылық мерекелік дастарханда міндетті түрде ас, не болмаса палау болады. Салаттың түр-түрін жасаймын. Ерекше, адамдарды таң қалдыратын салаттарды дайындауға тырысамын. Бірақ қаншама салат жасасам да, "овощной нарезка" міндетті түрде меркелік дастарханнан өз орнын табады! Ол күнделікті дастарханның да жиі қонағы, тіпті. Қазір ойланып қарасам, бала кезімде қонақ келсе винегрет, оливье ғана жасайтынмыз. Ол кезде осы салаттардан басқасын білмейтін едік.
Ал күнделікті дастархан ірімшік, бал, тәтті тіскебасарлардан тұрады. Тамақтардан түрлі сорпалар, жеңіл тамақтар, бұқтырылған көкөністер, тауық етінен жасалатын тағамдар, т.б.

Тамақ пісіруді анамнан үйрендім. Анам тамақты дәмді дайындайды. Мен оның дайындайтын тамақтарының ішінен кеспе көжесін ерекше жақсы көремін. Кеспені үнемі қолымен жасайды, өзі жайып, турайды. Одан басқа анам күрішті де өте дәмді дайындайды. Палау емес, ерекше бір күріш тағамдары. Құрамына көкөністер қосылады. Одан басқа шелпек, бауырсақты дайындауда алдына жан салмайды. Мен бойдақ кезімде ондай қамыр өнімдерін сирек дайындағанмен, тұрмыс құрғанда жиі әзірлейтін болдым.
Анам маған тамақты ысырап қылмауды үйретті. Тамақ дайындау барысында қалған нәрселерді міндетті түрде басқа тамаққа қосамын, пайдаға жаратып жатамын. Өз басым ас үйге жақынмын. Интернет аман болсын, барлық тамақтың дайындалу тәсілін табуға болады. Тамақ былай тұрсын, ыдысқа да көп көңіл аударамын. Әр тағам өз ыдысында тұрғанын қалайымын. Әр қазақ отбасы сияқты, біздің шаңырақта да асты бастайтын отағасы. Бұл жақсы әдет деп білемін.

Түсірілім алаңында "ананы жемеймін, мынаны жеймін" деп айта алмайсың. Әкелген тамақты жейміз. Ол көбінесе асханалық тамақтар: қуырылған котлет, тауық, ет, күріш, картоп, т.б. Қолыңа қайсысы тиеді, соны жейсің. Біз оны "кинокорм" деп атаймыз.
Мен бірнеше мемлекеттерде болдым. Әдетте демалыс бабымен баратындықтан, ол мемлекеттердің көбісі мұхит, теңіз жағалауындағы елдер. Солардың тағамдарының ішінен теңіз өнімдерін ұнатамын. Еуропа тағамдарына келетін болсақ, Италия тағамдары өте қатты ұнайды. Май, ірімшік, дәмді пісірілген нандары - бәрінің ерекше керемет дәмі бар.

Айнұр салауатты өмір салтын ұстанады. Тұрақты түрде дене шынықтырумен,
тауға шығумен, атпен жүрумен айналысады. Сонымен қоса, ұлттық атқыштар
ассоциациясының мүшесі. 2014 жылдың күзінде «Қыздар арасында» бағдарламасының
жүргізушісі атанды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі