Бақыт » ZHARAR © 2017 | бақыт деген не, бақыт туралы түсінік, бақыт туралы әңгіме,




  • »

Бақыт

Бақыт казакша Бақыт на казахском языке

Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
— Е, азаматтар, бақытты болыңдар! — дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.

Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңліме елең салатын қараңғылықта біртүрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара-күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім.

Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім.

Біздің үй Түркістан қаласының Оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсуші еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, төргі бұрыштағы Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың шешесі Күнтүлім күншуақта жамау жамап отырушы еді.

Барлыбай, көзі қарауытып:
— Апа, қарным ашты ғой,— дейтін еді.
— Е, бақытсыз, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың,— деуші еді Күнтүлім.
Осы уақытта түрінген балтыры балшық болып Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке түйілген бір нәрселер көрінсе Күнтүлім Барлыбайына:

— Бақытың бар екен, қарағым,— деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күлкі уақытша күлкі болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жыйылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді. Күнтүлім орнынан тұрушы еді!
— Шырақ, Жақсыбай келеді, біздің үйге келмейсің бе,— дейтін еді.
Күнтүлімнің бақытты түрде шыққан даусы мені жүгіртіп әкетіп, оның бақытты бетін көргім келетін де тұратын еді. Жақсыбай үйішімен қуанышты түрде қарсы алатын, менің ойымша бақыт тек Жақсыбайдың үйінде, онда да ылғи кешке ғана қонақ болып кететін сияқты еді.
Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім.

Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім. Талай бақытпен бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағындамын.
Менкөруге құмар болған бақыт — қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен, жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің. Мен бақытты көрдім.
Бірақ Күнтүлімнің бақыты маған біртүрлі «өзгеше бақыт» болып, жататын төсегің, жүретін жерің, істейтін жұмысың, құшақтайтын жарың, өмір сүрген дәуірің болған бақыт емес, күн батарда Жақсыбайдың нанымен бірге, қонақ боп кетуге келген бақыт болды.

Менің Күнтүлімнің бұрынғы, соңғы бақытын қолыма ұстап, салмақтап көргім келді.
Былтыр оқудан қайтып, Күнтүлімнің күлімсіремей, қуанбай жүрген бір минутын көргенім жоқ. Бұрын Жақсыбай нан әкелгенде күлімсірейтін болғандықтан ба, Күнтүлім бақытының белгісі күлімсіреу, қуаныш болатындай болып көрінді. Бірақ Күнтүлім өзінің ең бір бақыттылығын күлмей, маңызды түрде отырып айтты. Біз де шын көңілімізбен Күнтүлім бақытты екен дестік.

Бір күні кешке жұмысынан қайтып, үйішінің бәрі түгел отырғанда:
— Жеңеше, бақытыңды, қуанышыңды айтып берші,— дедім.
Басқан қадамының барлығы бақыт болған соң, менің сұрауым өрескелдеу болды ма?
— Өміріңді айт дейсің бе? — деді Күнтүлім, сонан соң біраз отырып:
— Оны айтармыз, менің бір түсім бар еді. Әлде сен оқып ержеткен соң менің «ертегімді» бұрынғыдай тыңдамайсың ба?
Біз қолқалап отырып айтқыздық. Күнтүлім, бірден бір сирек кездесетін бақытын басқаға қыйғысы келмегендей отырғандарға біраз қарады да, маған түсін айта бастады.
— Мен комбайнда істеймін ғой. Анау күні жұмыстан қайтып келіп, ұйықтап едім, түс көрдім.

Түсімде, сәскетүс екен-ау деймін. Мен комбайнда барабанщик болып қырман басып жатырмын, бидайдың бауларын барабанға тастап жатып, қалың ойға кетсем керек, біреу:
— Қане, салыңыз, тоқтап қалдыңыз ғой дегені. Жалт қарасам, кәдімгі өзіміздің Ильич Ленин. Күлімсіреп амандасты да:— Қырмандарың көбейсін, бауды бір қалыпты салыңыз, машинаңыз бұзылып қалар,— деді, мен таңғалып тұрғанда комбайн тоқтап қалды.
Ленин дереу жеңін сыбанып алып, машинаны жүргізіп жіберді.
— Машинаны таза сақтаңдар, моторын сүртіп, құрғатпай май құйып тұрыңдар, шырағым, мына машинаның қиын тетіктерін үйрен, әйел деген колхозда үлкен күш деп Сталиннің айтқаны есіңде бар ма, оқып комбайншы бол! — деді.
Содан соң қызыл тақта жерде жатыр еді, оны көтеріп жоғары іліп қойды.

— Күнтүлім, бақытты екеніңді білесің бе? — деді Ленин.
— Білем,— дедім.
— Білсең адал еңбек сіңір, партияның жол басшылығымен колхозды нығайт, жаңа өмір құруда белсене істе, басқаларды ұйымдастыр,— деді Ленин.
Жолдасымныңжердешашылыпжатқан бидай дәндерін көріп:
— Бір түйір дән жердеқалмасын, ауқатты боламын десеңдер —бір дәнді шашпай, ұрлатпай, алдымен астықты үкіметке тапсырыңдар,— деді. Мен бір уақытта:— Көсем, сенімен сөйлесетін көп сөзім бар еді,— дедім.

— Онда менің партияммен, Сталинімімен сөйлес, онымен сөйлескенің менімен сөйлескенің—деді.
— Сталинмен қалай сөйлесем? — дедім.
— Астық жоспарларыңдыорындаңдар. Сталиннің айтқанын бұлжытпай жүзеге асырыңдар. Міне, Сталинмен сөйлескенің, партиямен сөйлескенің, сөйлесе білгенің осы,— деді.
Кетейін деп жатқанда:
— Жаңалық қой, көсем біздің де бидайымызды жеп көрсін, біраз бидай берсем қайтеді,— деп ойланып едім, онысезіп қойып:
— Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер, бидай еңбеккүнге, адал еңбекке беріледі, сонсын ауқатты боласыңдар,— деді. Сонан соң политотделге қарай кетті.

Күнтүлім сөзін бітірді. Мүмкін Лениннің тағы да айтқандары бар шығар, мүмкін ол, сөздерін тұп-тура өз күйінде айтып бере де алмаған шығар. Бәрібір өзіне мәлім, қайта ерекше бақыттың кейбір меруеттері тек өзіне-ақ белгілі болып қалсын, деді де: — Осындай түс көрдім,— деп тұжыра салды.
— Шын бақытты екенсің!—деді бір шал.
— Мұндай бақытты өзіміз көрмей бара жатырмыз, сенің арманың жоқ екен,— деді жаңағы шал.
— Шырақ, не дейсің?—деді Күнтүлім масаттанып.
— Сені, сенсияқты жалшы күндерді есінен шығармай көп ойланған, онан соң сенің түсіңе кіргенде, өзіміздің де түсімізге кіре ме деген таудай талабымыз бар,— дедібір әйел.
— Ол не дегеніңіз, Күнтүлімге Ленин айтпақшы, бәріміз соның өсиетін орындап, күнде араласып жүрміз.
Мен партияның мүшесімін. Партия — Лениннің партиясы,— деді Жақсыбай.
— Шырақ,— деді Күнтүлім,— мен партиямен, Сталинмен астық жоспарын орындаумен сөйлесем, сен немен сөйлесесің? — деді.
— Мен ерлерді көрсетумен, көркем шығармаммен сөйлесемін,— дедім.
Осыдан соң Күнтүлімнің бақытына шын түсіндім.
Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің өзі біздің өмір екен! —деді.


Санат: KZ портал | | 1 686
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .