Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма? » ZHARAR © 2017 | ұлттық, рухани, жатқан, болып, жастар, болады, теледидар, қазақ, ананың, Сондықтан, қыздарымыздың, алтын, өседі, екенін, қыздарының, Қазір, инабаттылығы, намыс, Күнделікті, қаракөз




  • »

Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?

Қазіргі қазақ қыздары қандай, барлығы да әдепті, инабатты ма?Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады.
Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады.
Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой.
Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.
Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ ішетіндер де кезігеді. Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл?
Кейде аялдамадан кейбір қыздарымыздың үлкен бар, кіші бар-ау деп қымсынбай жігіттермен құшақтасып, сүйісіп тұрғанын көргенде шыдамай төмен қарайсың. Ардақтауды, мәпелеуді, құпиялықты қалайтын махаббат атты құдіретті аяққа таптау емес пе бұл?
Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады.
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы. Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба?-деп, қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз жаңа дүниелер арқылы қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама?
Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады.
Бізде оқып, білім алып жатқандар негізінен ауыл қыздары. Ауылдағы ең қажетті, әрі қасиетті шаңырақ, бар қазақтың алтын бесігі-мектеп. Сондықтан да қазақ халқының алтын бесігі-ұлттық мектептерге маман дайындау-біздің институт ұжымы үшін өрелі, әрі қастерлі міндет. Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастардан жиіркенуге шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тілі мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апа-сіңлілерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау - уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі - жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!



Санат: KZ портал | | 1 902
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .