Ер туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
Елі жоқ — жер жетім,
Ері жоқ — ел жетім.
Елмен дауласпа,
Ермен жауласпа.
Аққу көлге, ер елге паналайды.
Етек-жеңі кеңдік
Елге тән қасиет.
Ептілік пен ерлік
Ерге тән қасиет.
Алтын кемер белге сән,
Алтын қылыш ерге сән.
Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.
Бірлік қайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік қайда болса,
Елдік сонда.
Ерді ел өсіреді,
Гүлді жер өсіреді.
Ердің қадірін
Өлгенде білерсің.
Елдің қадірін
Жат жерде жүргенде білерсің.
Ер намысқа шабады,
Намысқа шапса,
Алысқа шабады.
Бар болсаң бергеніңді айтпа,
Ер болсаң, жеңгеніңді айтпа.
Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар.
Ердің ісі — келіс.
Ездің ісі — керіс.
Қалың кілем төрге керек,
Қызғалдақ гүл жерге керек,
Алмас қылыш ерге керек.
Ел қонысынан айрылса,
Ер ырысынан айрылады.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады.
Әйелдің жақсысы
Ерімен ойласады.
Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.
Ер екі сөйлемейді.
Жүйрікті шапқанда көр,
Ерді сасқанда көр.
Арғымақ аттың құйрығы,
Әрі жібек, әрі қыл,
Ер жігіттің белгісі,
Әрі мырза, әрі құл.
Қорлық өмірден
Ерлік өлім артық.
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол, ерді сынайды.