Іс туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 180
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 9
Эсселер: 2

Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
Ісім жақсы деме,
Көпке ойлат.
Суды саяз деме,
Құрығыңды бойлат.
Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!
Болған іске, болаттай бол.
Көңілсіз басталған іс
Көпке бармайды.
Көп ақылды жиналса,
Қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса,
Оңай істі жітірер.
Ашумен басталған іс
Абыройсыз аяқталады.
Қыңыр істің қырық жылдан соң да
Қиығы шығар.
Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
Ұялғаннан кісі өлмес,
Асыққанның ісі өнбес.
Адамды түсіне қарап таныма,
Істеген ісіне қарап таны.
Көңілің тартпаған іске қол ұрма.
Сөз — сабан, іс — дән.
Болар іс болды,
Бояуы сіңді.
Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая.
Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.
Өз басына іс түспеген,
Өзгенің қайғысын білмейді.
Ағайыныңды іске шақырма
Асқа шақыр.
Құрыш қайрат,
Құрылыста шынығар
Ісін сүйген,
Істей жүріп тынығар.
Сүйіп істеген іс —
Шаршатпайды.
Жұмыла істеген іс жеңіл.
Біткен іс — піскен жеміс.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.