Өмір туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Өмір" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Өмір" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Өмір" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 253
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 1729
Нақыл сөздер: 547
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 8
Әңгімелер: 75
Ертегілер: 5
Поэмалар: 4
Шығармалар: 13
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 16
Жатқан — тұрар, көтерілген — отырар, жарық — сөнер, жүрген кісі — тоқтар.
© Жүсіп Баласағұни
Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
© Аристотель
Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.
© Лев Толстой
Қуанышты өмiр сүрудiң басты тәсiлi — өмiрдiң қуаныш үшiн берiлгенiне сену. Егер қуаныш азайса, неден қателiк жiбергенiңдi iзде.
© Лев Толстой
Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?
© Лев Толстой
Өмірден қайткенде көп қарпып алу дегеніміз – тоғышарлық, ал қоғамға қайткенде көп беру – бұл күрескердің ісі.
© Бауыржан Момышұлы
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
© Мұқағали Мақатаев
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!