Іні туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Іні" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Іні" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Іні" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Іні" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 20
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 125
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 4
Құттықтау, тілектер: 25
Туындылар: 1
Әңгімелер: 14
Шығармалар: 4
Аңыздар: 1
Эсселер: 1

Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Аз ақылдының інісі бол.
Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.
Аға адасса, іні із кеседі.
Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі,
Көргендерін бойына түйіп өседі.
Ағадан — ақыл,
Ініден— ізет.
Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Асыл аға, алғыр іні.
Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.
Аға – бор,
Іні – тас.
Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.