Ас туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 372
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 32
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 24
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Ішкенге – мәз, жегенге – тоқ.
Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.
Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма.
Аз ас, көп ниет.
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Нан – тамақтың атасы,
Ынтымақ – көптің батасы.
Қоныс көркі – там,
Дастарқан көркі – нан.
Тас әулие,
Тастай жанды балқытатын ас әулие.
Жас қымыздың қызуы түске шейін,
Желігі кешке шейін.
Жеп жарымаған,
Ішіп жарымайды.
Сырдың әр қамысының
Түбінде бір кесек от жатады.
Адам айдаса барман,
Дәм айдаса қалман.
Таспен атқанды аспен ат.
Асты түскен кезінде жейді.
Егінді піскен кезінде орады.
Тоймай ішсең,
Көршіңнің көңілін аулайсың.
Тойып ішсең,
Бұтаның түбін аулайсың.
Сүлейе тойған сұмдық түс көрер.
Шірігенге шыбын үйір.
Қымыз асын
Қыдырып ішсе де ерсі емес.
Сараң асын бермейді,
Көзінің жасын береді.
Соғым басы — елдің асы,
Наурыз асы — жердің асы.
Барында батып іш,
Құрт, майыңды қатып іш.
Ауырсаң айран іш,
Сіңірің түйілсе сүт іш.
Қонақ айтпай қонады,
Қоңсы айтпай кіреді.
Аштың көңілі ақ ұнда,
Тоқтың көңілі сағымда.
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен жарасты.