Ел туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 496
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 595
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 132
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 5
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 14
Аңыздар: 1
Эсселер: 13

Ерді ел өсіреді,
Гүлді жер өсіреді.
Ердің қадірін
Өлгенде білерсің.
Елдің қадірін
Жат жерде жүргенде білерсің.
Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Батыр — елдің ажары,
Бал құрақ — көлдің ажары.
Елдік түбі — бірлік.
Ел қонысынан айрылса,
Ер ырысынан айрылады.
Ердің жақсысы
Елімен ойласады.
Ер қадірін білмеген
Ел қадірін білмейді.
Халық қазанын қайнаттым,
Қолымның кәне қарасы?!
Ел қазанын қайнаттым,
Етімнің кәне жарасы?!
Ел - елдің түбі бір,
Ер - ердің тілегі бір.
Назыңды ер көтерер,
Ер көтермесе ел көтерер.
Ел — ырыстың орманы,
Ер — ырыстың қорғаны.
Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
Ел шарасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.
Ер елдің —
Ық жағының қаласы
Жел жағының панасы.
Ердің сыншысы — елі.
Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.
Есердің қанжары
Етігінің қонышында жүреді.
Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.
Көзсіз күнелтсең де,
Көпсіз күнелте алмайсың.
Көптің көзі көреген,
Көптің қолы береген.
Кеңесті ел азбас,
Кеңнен пішкен тон тозбас.
Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болады.
Көптен қулық артылмас,
Көзді дария сарқылмас.
Ел айрылса — көбіне,
Жол айрылса — теңіне.