Ата-ана туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ата-ана" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ата-ана" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ата-ана" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ата-ана" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 21
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 32
Нақыл сөздер: 31
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Шығармалар: 2

Алдыңдар ата-ананың ақ батасын
Отаудың еңсе тіктеп тағы бағы,
Ақ ниет ақ тілектен танылады.
Думаны басталды да, міне, ұлттың
Жаңа бір бой түзеді шаңырағы.

Бүр жарған сезім..
©  Ғабиден Қожахмет
Ананың бөбегіне тілегі
Бүгінгі күн ерекше күн, ерек күн,
Сәбилердің күлкісі де бөлек тым.
Бүгінгі күн ата-ананың үміті
Шаттық тойы былдырлаған бөбектің.

Ұғына алған..
©  Ғабиден Қожахмет
Қыз ұзатқан ата-анаға тілек (балаларының тілегі)
Осылай өмір сыйын ұсынғаны,
Парыз ғой қызды ұядан ұшырмағы.
Мінеки, ата-анамыз балапанын
Ниет қылды ұясынан ұшырғалы.

Сіңіп еді бізге ардақты..
©  Ғабиден Қожахмет
Ата-ана
Тәлімге ұлды шақырар,
Қызға да дейді - қарағым.
Тілеуін тілеп отырар
Әрдайым үйде баланың.

Дейді олар ақыл санада -
Жүгін деп, бойды..
©  Ғабиден Қожахмет
Ұл
Мейірімінен нәр алдыңда жүректің,
Ата - анаңды қайта өмірде түлеттің.
Өйткені сен жақыныңның барлығын
Қуанттың да, мына өмірде шыр еттің.
Сен..
©  Ғабиден Қожахмет
Ата-ананың арманы!
Ата-ананың арманы,
Арманының бал дәмі.
Ұл-қызының өмірі,
Күтіп тұрған алдағы.

Ата-ананың арманы,
Ұлдың бағы жанғаны.
Жақсы келін..
©  Саят Әбенов
Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.
©  Дулат Бабатайұлы
Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
©  Бауыржан Момышұлы
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен.
©  Бауыржан Момышұлы
Ата-анам бар болсын,
Ауыз-мұрны тар болсын.
Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер,
Қыран құстың белгісі - таудан тасқа кездірер.
Қала — халқының салтанаты,
Бала — ата-ананың қолқанаты.
Бала жетесіз болса,
Ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса,
Ата-анасын елге қаратады.
Ата-ананың сөзі —
Айдын жолдың өзі.
Ақылдының сөзі —
Ақ дарияның өзі.
Ата – анадан жар жақын.
Баланың бас ұстазы — ата-ана.
Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Жалғыз баласы атқа шапса,Атасы ауылда тұрыпТақымын қысады.
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Ата-ана балаға сөйлеуді үйретеді, бала ата-анаға аузын жабуды үйретеді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.