Аңшы туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 32
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 25
Ертегілер: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 5

Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып,Алақтап, не қыларын білмей сасып.Соңынан бір топ аңшы қиқу салып,Ит қосып келе жатыр шапқыласып.Жалынып Қасқыр сонда..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Кісі мен арыстан
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып,Ішіне қалың ағаш торын құрып.Бір күні Арыстанға кез болыпты,Сыртынан құрған торын бағып тұрып.Арыстан ақырды оған..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі. 
©  Махмұд Қашқари
Аңшылық әуелінде қандай тәтті
Аңшылық әуелінде қандай тәтті,Еркіндік, кім жек көрер салтанатты.Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да,Аздан соң желдіктерсің, жауыр атты.Айтпаймын..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды. 
©  Құтып
Бүркітші
Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап қостан шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.
Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші..
©  Мұхтар Әуезов
Бүркіт аңшылығының суреттері
(Басылмаған романнан)
Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел..
©  Мұхтар Әуезов
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға,Тастан түлкі табылар аңдығанға.Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.Салаң етіп..
©  Абай Құнанбаев
Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды?

Жауабы: 0, қалғандары ұшып кетті
Аңшы аңына қарап шығады,
Арыстан көргенін жығады.
Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.
Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.
Аңшының ажалы аңынан.