Ата ана туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Ата ана" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ата ана" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ата ана" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ата ана" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 4
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 7
Күніміз сіз сөнбейтін
Күніміз сіз сөнбейтін, Көкжиектен шығатын. Әніміз сіз тербейтін, Жанымызды ұғатын. Әкетайым, асылым, Біздерді ойлап тұратын. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жанұяның жүрегі
Жанұяның жүрегі, Әкетайым өзіңіз. Маңызды әке, қашанда, Әрбір айтар сөзіңіз.
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаршамаңыз, талмаңыз!
Шаршамаңыз, талмаңыз, Әкетайым, асылым. Балаларын, отбасын, Ойлап жүрер жасырын. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Шаттығымыз сіз — Әке!
Шаттығымыз сіз — Әке, Бақ гүліміз сіз — Әке. Әрбір жылы саулықта, Жасаңыз сіз — жүз, Әке! Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Асқар таудай Әкелер
Асқар таудай Әкелер, Ұл-қыздарын мәпелер. Тәрбиесін көрсетіп, «Адам бол» деп жетелер.Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Өзің барда Әкешім
Өзің барда Әкешім, Бақыттымыз біздер тек. Амандықта жан Әке, Жүріңізші күлімдеп! Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жүрегіміз сіз әке
Жүрегіміз сіз — Әке, Тірегіміз сіз— Әке. «Аман бол» деп қашанда, Тілейміз тек біз Әке! Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім сен
Әкешім сен — асылсың, Көз тартатын маржандай. Әр сөзіңе біз әке, Тұра алмаймыз таңданбай. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкем менің
Әкем менің — жан ізгі, Бар жақсысын арнайтын. Ұл-қызына әдемі, Өмір жолын таңдайтын. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әке деген...
Әке деген — Асқар тау, Таудай биік талабы. Ұл-қызына қарайтын, Мейіріммен жанары. Жібек Искакова
© Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ата-анаға құрмет
Шіркін өмір! Неткен ғажап едің?! Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір..
© Алғыс айту күні
Ата-ананың қадірі
Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.Ғ.МұстафинШаңырақтың негізі-ата-ана. Адам бойындағы жақсы да жаман қасиеттердің бəрі ата-анадан...
Ата-анам - жұмағым
Ата-ананың орны әр бала үшін ерекше. Олар дегенде біздің қояр жанымыз да бөлек. Бізді мына ғажайып әлемге алып келіп, өмір силаған жандар үшін бала..
Мен - кибербуллинг құрбанымын.Буллинг деген ұғым сөздік қорымызға жақында ғана енді. Бұл дегеніміз - қудалау. Ата-ана баласының әлеуметтік желісін..
© Ләйла Сұлтанқызы
Әке-шеше баласын сөйлеуге үйретсе, баласы әке-шешесін жұмған аузын ашпауға үйретеді.
© Еврей халқы
Жылылық
Анық білем, жылылық бар көктемде,Жылы жаңбыр себелеп бір төккенде.Өн бойыңа жылылық боп тарайды,Әке-шешең маңдайыңнан өпкенде.Жылылық боп әлдилейді..
© Ахмет Кендірбекұлы
Менің әкем қара, ал анам ақ сүт сияқты, менің ақыл есіме ешқандай әсер берген жоқ
© Барак Обама
Ата-аналарға балалар сот емес.
Ата анасын қайғыға батыратын емес, қажылыққа апаратын ұрпақ көп болсын!
Бақыт деген не?
Бақыт деген-ең алдымен сенің ата анаң,Сен үшін дұғада болатын әрдайым.Алыс жолдан ат терлетіп келгенде,Құшақ жая қарсы алатын әрқашан.Барғой сірә..
© Белгісіз