Бәле туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Бәле" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Бәле" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Бәле" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Бәле" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 24
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 6

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.
Бәле қайда деме,
Аңламасаң, аяқ астында.
Мақтанған тілге – мың бәле.
Үндемеген
Үйдей бәледен құтылады.
Ермек қуған
Бәлеге жолығады;
Еңбек қуған
Қазынаға молығады.
Үндемегеннің ішінде,
Үйдей бәле жатады.
Жол қуған қазынаға жолығады,
Сөз қуған бәлеге жолығады.
Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.
Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.
Бәледен машайық та қашыпты.