Табиғат туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Табиғат" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Табиғат" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Табиғат" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Табиғат" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 27
Тақпақтар: 14
Өлеңдер: 300
Жаңылтпаштар: 12
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 1
Шығармалар: 10
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 10

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
©  Абай Құнанбаев
Ағаш біткенді жүкті қылатын—жел.
Жылылық болмай қар кетпес.
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Жаңа айдан жақсылық.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Туған ай, тураған етпен тең.
Су аққан жерінен айнымас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.