Өлең туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 363
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 51
Құттықтау, тілектер: 2
Туындылар: 3
Әңгімелер: 9
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 7
Эсселер: 11

Өлең жазған кісінің бәрі ақын емес екені дәлелденген шындық. Шын ақынды жасайтын да өмір, содан алған әсер, тәжірибе болса керек. «Мен ақын..
©  Жұмекен Нәжімеденов
Өлеңді түсінерсің – өзі жоқта…Өмірді түсінерсің – күзде ғана… 
©  Жанна Елеусіз
Бір "ақындар" болады, атақ-дақпырты өлеңінен озып кеткен. Бір ақындар болады, өлеңі, атақ-дақпыртынан озып кеткен... Соңғысының бақыты кез-келгенге..
©  Мұратхан Шоқан
Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы. 
©  Сағат Әшімбаев
Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі. 
©  Сағат Әшімбаев
Өлең оқу үшін де өре керек. 
©  Сағат Әшімбаев
Образдылық әлем поэзиясына тон қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады. 
©  Сағат Әшімбаев
Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ­талған жөн. Қара өлеңмен келесі ғасырға да еркін кіреміз. Әдебиет –..
©  Қалқаман Сарин
Абай - өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, тазартып жүрек кірін жуып жатсын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән мен өлең ғасырлар бойы ел ойында қордалана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті. 
©  Ғабит Мүсірепов
Өлең өндірісін қойып, шын мәнінде поэзия жаз дер едім.
 
©  Ғабит Мүсірепов
Мен қадірлеп, қастерлейтін, құр­меттеп, басымды иетін дүние ол – Өлең. Поэзияның асқақ бол­ғанын ұнатамын. Өлең деген туған анаңдай..
©  Есенғали Раушанов
«Поэзия» – ертеректе жа­зылған өлең. Кітаптарыма енбей қалып жүрді. Жоғалып кет­ті, кейін қайта тауып алдым. Басқа себебі..
©  Есенғали Раушанов
Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды. 
©  Есенғали Раушанов
Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.
 
©  Александр Куприн
Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ. 
©  Олжас Сүлейменов
Өлеңді қайтіп қоярсың.
©  Абай Құнанбаев
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
©  Абай Құнанбаев
Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.
©  Мұхтар Әуезов
Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай.
©  Мұхтар Әуезов
Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің..
©  Мұхтар Әуезов
Өлеңнің жаны - сұлулық.
©  Сағатхан Әшімбаев
Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше..
©  Сағатхан Әшімбаев
Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.
©  Сағатхан Әшімбаев