👈 қаріп өлшемі 👉

Сағат Әшімбаев

Сағатхан Әшібайұлы Әшімбаев – әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері.

1970 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Баспасөз бетіне оның алғашқы тырнақалды мақалалары 1966-1967 жылдары аудандық «Советтік шекара», облыстық «Жетісу» газеттерінде жариялайды.

Еңбек жолын 1969 жылы «Жас Алаш» («Лениншіл жас») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің әдеби қызметкері болып бастаған ол кейін сол бөлімнің меңгерушісі болып істеді.

Әшімбаевтың негізгі тақырыбы — сын жанры. Оның қаламынан туған зерттеу-талдау тұжырымы, көңілге қонымды сын мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жүйелі жарияланып тұрды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы