Өмір туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 245
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 1680
Нақыл сөздер: 508
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 7
Әңгімелер: 71
Ертегілер: 5
Поэмалар: 4
Шығармалар: 11
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 12

Өз өмір құралдарың болсын. Бірақ құралдарыңды нәпсіңнің ығына қарай қолданба. Ойлау деңгейі төмендерден алыс бол. Бірақ өзіңнен жоғары болғандарға..
©  Шәмс Тебризи
Сені байланған бос істер сенің алға жылжуыңа кедергі жасайды. Өміріңдегі күтпеген өзгерістерді түзеймін деп тырысқаннан гөрі, тағдырыңа разы бол...
©  Шәмс Тебризи
Нәпсіңді өшірушілерден емес, тізгіндеушілерден бол. Басыңа қандай да іс түссе де, өмірден түңілме...
©  Шәмс Тебризи
Өмірің — өз амалыңның жемісі. Өзіңнен басқаны кінәләуші болма. 
©  Джозеф Кэмпбелл
Қаһарман — өмірін өзінен де құнды болған нәрсеге арнаған адам. 
©  Джозеф Кэмпбелл
Өмірдің мақсаты — жүрегіңді ғаламмен жараса соғуға дағдылау, болмысыңды әлеммен үйлестіру. 
©  Джозеф Кэмпбелл
Тағдырдан артық шебер, өмірден артық ұстаз жоқ. 
©  Әкім Ысқақ
Өмір - дәптер, адам - қарындаш. Сол дәптерді шимай-шытпаққа емес, мағына мен мәнге, талап пен нәрге толтырайық! 
©  Әкім Ысқақ
Кейде асыл дегенің жасық, күн дегенің көлеңке, қуаныш дегенің қайғы... болып шығады. 
©  Әкім Ысқақ
Кейде төбеге қараймыз деп, төмендегіні ұмытамыз. Жазықты көреміз деп, жанымыздағы көрмейміз. 
©  Әкім Ысқақ
Өмірде бәрі ойдағыдай емес, ойдағының бәрі өмір емес. 
©  Әкім Ысқақ
Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті. 
©  Сағат Әшімбаев
Егер сіз өзіңізді тастап, шынайы өмірге кірсеңіз, даналық сізге тұжырымдамаларға жол ашады.
©  Фәридуддин Аттар
Адамдар сөйлеуді жақсы көреді, бірақ айтқандарымен амал етуді, үйренген нәрселерімен тіршілік етуді тәрк етеді. 
©  Сәләма бин Динар
Еркін адам дегеніміз — өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам. 
©  Анахарсис
Өмірдің басы – жылау, аяғы – өксік. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.
 
©  Саиф Сараи
Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
 
©  Саиф Сараи
Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.
 
©  Саиф Сараи
Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің..
©  Мария Монтессори
Бала достық ахуалында өмір сүріп, өзінің қажеттілігін сезінсе, ол бұл әлемде махаббатты табуды үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең. 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Қам-қарекетсіз өмір сүру — мезгілсіз қартаю.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адам өмірінің биік шыңы — жастық.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте