Жігіт туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 220
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 322
Нақыл сөздер: 39
Құттықтау, тілектер: 8
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 67
Ертегілер: 5
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 22
Аңыздар: 13

Неке — гүлге қол соза берген қыз бен жігіттің басына түскен көшкін. 
©  Бернард Шоу
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас. 
©  Төле би
Хандар киген қамқа тон – шүберек болар тозған соң,Жігіт жақсы бола алмас – алғаны жаман болған соң. 
©  Бұқар жырау
Жігіттер күн болды ойланарлық...Асыл сол ақыл, білім бойда барлық. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. 
©  Махмұд Қашқари
Костюм киген жігіт өзін салмақты, байсалды ұстауға тырысады. 
©  Сергей Капица
Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні..
©  Александр Куприн
Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.
©  Мұхтар Әуезов
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
©  Мұхтар Әуезов
Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,
Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?
©  Міржақып Дулатұлы
Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Балалық өтті дегенше — жігіттік жетті десеңші.
©  Жүсіп Баласағұни
Өмірдің гүлі — жігіттік шақ.
©  Жүсіп Баласағұни
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы