Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш. 
©  Уильям Шекспир
Торғай көкектiң балапанын ұзақ асырады, ақыр-соңында қанаттанған көкек оны шоқып тастады. 
©  Уильям Шекспир
Адамдардың өмiрiнде толысу сәтi болады, егер оны пайдаланса, табыс әкеледi, жiберiп алса, онда әрi қарайғы жол қайраң арқылы өтетiн болады. 
©  Уильям Шекспир
Шiрiген лалагүл арам шөптен бетер сасиды. 
©  Уильям Шекспир
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,Патшалардың әділдік міндеті жоқ,Бұл не деген заман болды, достар?! 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның жолдасы шайтан болады. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Кекірейген кердеңдерден қаш. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Қарап отырма, бiр нәрсеге жарап отыр; кәсiп болмай, нәсiп болмас. 
©  Төле би
Шың басынан алға апаратын жол тек төменге қарай кетедi. 
©  Төле би
Заң дегеніміз – ноқта. 
©  Шерхан Мұртаза
Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу —..
©  Шерхан Мұртаза
Өтiрiктi кешiруге болады, ақтауға болмайды. 
©  Шерхан Мұртаза
Бiлмеген мiн емес, бiлместiкке көнген мiн. 
©  Шерхан Мұртаза
Сапаға айналмаған сан жеме-жемге келгенде сан болудан қалады. 
©  Шерхан Мұртаза
Сананың сәрi кезi, алагеуiм кезi, шапақ кезi, шаңқай кезi, бесiн кезi, екiндi кезi, намаздыгер кезi, намазшам кезi, құптан кезi болады. 
©  Шерхан Мұртаза
Дөрекi күштен гөрi мейiрiм арқылы көп нәрсеге қол жеткiзесiң… 
©  Эзоп
Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген. 
©  Зенон Элейлік
Жалынға оның жарығы үшiн алғыс айт; бiрақ елеусiз қалған шырағыңды ұмытпа. 
©  Рабиндранат Тагор
Сен Лотос жапырағының астындағы шықтың iрi тамшысысың, ал мен оның жоғарғы бөлiгiндегi кiшкентай ғана тамшымын, — дедi Шық тамшысы Көлге. 
©  Рабиндранат Тагор
Қайсыбiрiмiз өзiмiздi егер басқаның орнында немесе қызметiнде отырсақ көп жақсылық iстей алатындай көремiз. Бұл — бар бәленiң бастауы. 
©  Николай Гоголь
Дегендер «Мен жақсымын» толып жатыр,Жақсылығы өзiнен артылмаған…Бәрiнен тыныш ұйқтап жатқандар көп,Ұмтылып, талап ойлап..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Төрең тақтан таймасын. 
©  Бұқар жырау
Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармағай. 
©  Бұқар жырау
Анаң аңырап қалмайғай. 
©  Бұқар жырау