Эзоп

Эзоп (көне грекше: Αἴσωπος,Эсопос)– б.з.б. 620-560 жылдары өмір сүрген, грек халқының перзенті. Аты аңызға айналған мысалшы. Ол Самостан шыққан Иадмонның басыбайлы құлы болған. Бостандық алған соң Лидия патшасы Крездің сарайында қызмет етеді. Бір мәліметтерде оны ақсақ құл десе, бірде бүкір құл дейді.

Эзоп Ежелгі Грекияда танымалдылығы Гомерден кем болмаған. Оның аңыз әңгімелері ауыздан ауызға берілген, мектептерде өтілген, сахнада көріністер қойылған. Эзоп бірінші болып адамдардың бейнелерін, кемістіктерін жануарлар түрінде көрсеткен. Оның мысқыл, өткір аңыз әңгімелері адамдарды жыларманға жеткізген. Эзоптан тіпті патшалардың өзі аңыз әңгімелерін айтып беруді сұраған.

Эзоптың аңыз әңгімелері өзінде қысқа қызықты желіні үйлестірген.Оның әңгімелері барлығына түсінікті болған және ішінде өз тәжірибесінен алынған ғибрат болған. Халық аузында жүрген Эзоптың әңгімелерін Деметрий Фалерский бәрін біріктіріп бірге жинаған.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы