Байлық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 149
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 90
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Білгенге - қиын емес кету байып.
©  Міржақып Дулатұлы
Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.
©  Тоқсары
Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
©  Дональд Трамп
Балаларыңа өздері таппаған байлықтың салмағын салып қажеті жоқ. Бұл олардың өміріне балта шабады.
©  Дональд Трамп
Денсаулық— байлықтан қымбат.
©  Джон Рей
Байлықтың мәнi байлықты иеленуде емес, оны ұтымды пайдалана бiлуде.
©  Мигель де Сервантес
Кім көпті біліп, көңіліне түйсе дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер.
©  Қадырғали Жалайыр
Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.
©  Будда
Байлық – бұл өмірді соңына дейін сезе білу қасиеті
©  Генри Дэвид Торо
Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.
©  Жүсіп Баласағұни
Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді.
©  Аристотель
Байлық деген - тезек сияқты. Үйілген сайын сасиды, шашылса, жерді тыңайтады.
©  Лев Толстой
Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?
©  Лев Толстой
Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.
©  Конфуций
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл..
©  Абай Құнанбаев