Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Тек адам болу «абыройсыздығынан» «өлмеген» кісі ғана адам болып өледі.
©  Жорж Батай
Шектен шығу үшін көп күш-қуат арыны қажет.
©  Жорж Батай
Адамға қатігездік көлеңкесі түсіп, өлімнің көзіне «тура қарайтын» болғанда – оның өмірі тұтас тамашаға айналады. Оны  ештеңе    де бұза алмайды: өлім..
©  Жорж Батай
Балалардың шалдуарлығына күлген кезде біздің күлкіміз өмірді жоқтан бар болып шығып келе жатқан сəтте қандай күйге   салатынымызды көргендегі..
©  Жорж Батай
Құрбандық шалудың ақтық мақсаты – жақсылыққа жол ашу.
©  Жорж Батай
Күйінген кезде күйремей қалуың қиын.
©  Жорж Батай
Ақиқаттар қателіктермен теңдестіріліп отырады.
©  Жорж Батай
Жарасымдылық идеалы – сəулет өнері немесе мүсін өнері, ал олардың мəні – уақытты жоққа шығаруда жатыр.
©  Жорж Батай
Ең ізгі əдебиетте де ессіз құштарлыққа орын табылады.
©  Жорж Батай
Өмірді бір жерде қазыққа байлап ұстап тұра алмайсың: ол тез бір жерден бір жерге көшеді, ол электр тогі тəрізді зулап, жарқжұрқ етеді.
©  Жорж Батай
Құрбандық шалу дегеніміз – ессіздік, бар білімнен бас тарту, бос кеңістікке барып құлау!
©  Жорж Батай
Шын іздеген еді – мұндар мұңға жолықты.
©  Жорж Батай
Бақытты болғысы келу жөніндегі тілек – жаңа қасірет жəне одан құтылу жөніндегі тілек деген сөз. 
©  Жорж Батай
Ариадна жібі де үзілетін сəттер бар.
©  Жорж Батай
Жанайқайда туа біткен өзімшілдік бар, одан кез-келген ақпаратқа қалай болса солай бейжай қараушылық пайда болады.
©  Жорж Батай
Мен құмардан шығуға – қаншалықты құштар болсам, басыпжаншу дегенді – соншалықты жек көремін.
©  Жорж Батай
Егер мораль бар болса – бəрібір мəңгі өмір сүре алмас еді.
©  Жорж Батай
Бақытына қарай балалар біраз уақыт ересектер əлемінің не екенін білмей өседі: бірақ кейін олар бəрібір сол сұрқия əлемнің  тұрғынына айналады.
©  Жорж Батай
Егер Жақсылықтың көз қарыр жарқылы Жамандықтың қою қараңғылығын одан əрі қоюлатып көрсетпесе – екіншісінің көз тартарлық ештеңесі де қалмас еді.
©  Жорж Батай
Адамның даңқын шығаратын – тек оның дарыны ғана.
©  Жорж Батай
Жай ғана бар болудың өзі – қасірет.
©  Жорж Батай
Кез-келген тіршілік иесінің толымдығы – жақын-жұрағаттары тарапынан сенімсіздік туғызады.
©  Жорж Батай
«Тыныштық» деген сөздің өзі шу шығарады
©  Жорж Батай
Түсініксіз өлшемі,Белгісіздеу ертеңі.Жұмбақ әлем ішінде,Өмір деген ертегі...
©  Қайырды Назырбаев
Бәрі де арман,Бәрі де жалған,Осы екен ғой, бауырым, өмір деген...
©  Қайырды Назырбаев