Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Қарашы қиырға,Көрінген сиыр ма?Ұқсай ма сиырға,Ұқсай ма суырға,Айыру қиын ба?
Қаршыға ма,Құмай ма?Әнші балаға қаршыға ұнай ма?Малшы балаға құмай ұнай ма?
Қасқыр - ит,Тісін ақситты.Жақсы ит тісін ақситпады.
Қойбағар тойға бармай, қойға барды,Тойбағар қойға бармай, тойға барды.
Қойым семіз бе?Ешкім семіз бе?Қойым тоғыз ба?Ешкім сегіз бе?
ҚұлақтандырмағандықтарыңызданБара алмай қалдық бәріміз де аңға.
Құлын-тай шығады,Тай-құнан шығады.Кейде тайҚұнанға сай шығады!
Құман от ңасында,Жүген ат басында.От басынан құманды алыс тастасын ба?Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?
Қызыл сиялы қалам сенде,Көк сиялы қалам менде.Қызыл сиялы ол алты теңге,Көк сиялысы ол жарты теңге.
Қылқиып бала арыңтады,Шалдығып шал арықтады.Көздері аларып тағы...Қорада мал арықтады.
Қырда екі кекілік жетіліп келеді,Екі кекілік секіріп-кекіріп келеді.
«Латышқа бар қатыстығым,Айтамын, - деп - латыш тілін»,Айта алмай шатысты інім.
Маса жүрді ызылдап,Маса қаны бұзылды-ақ...Бір уақта шекесіҚоя берді дызылдап.
Мен бақшаның қарбызын жинадым,Алмагүл алма үзіп жинады,Жоламан таудың жалбызын жинады.
Моншақты тақты оншақты,Оншақты болды моншақты.
Мұз мұзға ұқсас,Тұз тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Ойбайлама, Орынбай,«Ойбай» оғаш одағай.Осы оғаш ойбайың,Ойсыз олаң Ордадай.
Ол да шылбыр есті,Мен де шылбыр естім.Ол шылбырды сылбыр есті,Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
Ол бір қыл шылбыр есті,Бұл бір қыл шылбыр есті.Ол да,Бұл даҚыл шылбырды тым сылбыр есті.
Оңғар Жоңғар туралы сұрады,Оңғарға керегі Жоңғар туралы томдар.Томдар болмаса ОңғарБәрін домбарлап, домдар...
Омар көп шай ішіп жүр,Құмар шөп шай ішіп жүр.Ал ШынарБұл маңда жоқ шай ішіп жүр.
Он бір - оның ағасындай,Бес - алтының баласындай.
Пәк пейілді парықсызды,Пайдакүнем пайдаланғыш.Пысық, пасық, пайдагер,Парақорды паналағыш.
Сабақ үстіндеЕкі қыз бала жүзім жеп отыр.Жүзімді тағы бір бойы ұзын... жеп отыр.Жүзім жегенді Жекен тізімдеп отыр.
Сабалақ абалап үрді,Сабалақ қотандыЖағалап, абалап үрді де жүрді,Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.