С әрпі туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 30

Сарқантта –Сары солдаттар да бар,Сарғалдақтар да бар,Солдаттарда шардақтар да бар,Сарғалдақтарда сары дақтар да бар.
©  Жәди Шәкенұлы
Сара сары қымыздың сарқынын ішті ме,Сары қыздың сарқынын ішті ме?
©  Жәди Шәкенұлы
 Сұрапыл сел сарқырама сияқты,Сай-саламен сарылдаған су ақты.Самырсынды сiрiңкеңiз секiлдiСырт сындырып, сереңдетiп сұлатты.
©  Ескен Елубаев
Санағаннан,Санақ алам,СанамағанСана маған,Санақ алам.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Секілді емен,Секір Мерген.Секіргеннен.СекірмегенСекілді өрден,Секір Мерген.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Сағым,Сағын.Сағынса күн,Сарымсағын.СарымсағынСағынса шын,СағымСағын.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Сабақ үстіндеЕкі қыз бала жүзім жеп отыр.Жүзімді тағы бір бойы ұзын... жеп отыр.Жүзім жегенді Жекен тізімдеп отыр.
Сабалақ абалап үрді,Сабалақ қотандыЖағалап, абалап үрді де жүрді,Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.
Саматқа санақ қонатын емес,Саусағын санап болатын емес.Онысы кейде кем болып шығады,Кейде кенет он болып шығады,Кейде одан да мол болып..
Салтап, сақтап орақ, шалғы,Жұмсай берді олар, олақ шалды.
Сары шал маршал болды,Маршал болған сары шалдыКәрі шал қарсы алды.Маршал келді, - деп,Көрі шал жар салды.
Сатып тайлақты,Алдық тай, лаңты.Сатып тай, лақты,Алдың тайлақты.
Сөздің соңын тақпақтады,Талай тақпақ таппақ тағы.
Сұқсыр үйрек сүңгігіш пе?Сүйір үйрек сүңгігіш пе?
Сұқсыр үйрекБилеп-билеп ұшты.Сұқсыр үйрекке ілесіпБір ірі үйрекҚанатын сүйреп ұшты.
Сылдырмақ сылдырлады,Сәби былдырлады.Сылдырмақ сылдырласа,Сәби былдырлай ма?Сылдырмақты сындырмай ма?
Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді.Суға сақалын мала, сілке,Суға сақалын мала, сілке.
Сұр інген сүрінген бе?Сүрінген сұр інген бе?
Сыйлыгүл сырмақты сыри берді, сыри берді.Сырлыгүл Сыйлыгүлге сыйлыққа сиыр берді.
Сырғауылдың басынаҚырғауыл қонды.Қырғауылдың сырғауылдыңБасына қонғаныНұрғабылға оңды болды.
Сендегі басты бас деп,Әрі алғыр, әрі жас деп,Алғаның кәрі мәстек,Ол босқа ішеді ас тек.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақтыМен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.
Сүт бетiнде май балқаймақ,Ол қай май балқаймақ?Балдан тәттi бал майқаймақ.
Сыздық судан сүлiк сүздi,Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.Салмадан сүлiк шығып сытылыпСуға түсiп, сумаңдап жүздi.