Бала туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 291
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 128
Өлеңдер: 535
Жаңылтпаштар: 16
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 15
Баталар: 3
Туындылар: 20
Әңгімелер: 162
Ертегілер: 20
Поэмалар: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 14
Эсселер: 12

Бала, тай қамалық,Алақайламалық.Ал, талапайламалық,Талап айқайламалық.
©  Көмек Ыбрайұлы
Баланың жаман баға алмағаны,Мұғалiм ағай жаман бағаламағаны.
©  Ескен Елубаев
Айналасы таза ауадан тұратын,Айдананың қай баласы?
Аталар,Әжелер,Ағалар,Әпкелер,Апалар,Балалар -Әр әулеттеБар олар.
Баласы шашын жібітіп отыр,Атасы насыбайын үгітіп отыр.Апасы түбітін түте алмай,Ұрысып отыр.
Он бір - оның ағасындай,Бес - алтының баласындай.
Топ, топ бала, топ бала,Ойнап жүрген көп бала.Жүгірсе де қаншама,Қуатыны доп қана.
Топ, топ бала, топ бала,Ойнап жүрген көп бала.Жүгірсе де қаншама,Қуатыны доп қана.
Бала мысықты ана мысық,Ана мысықты ала күшік.Ала күшікті қара күшік,Талаймын деп барады ұшып.
Бала бұл ең тентек,Күшіміз теп-тең деп,Күреспе тектен-тек,Құлайсың көптен-көп,Аяғың көктен кеп.
Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —Қалаға аттандыра алмадыңдар.
Ұқыпты бала –Кітапты түптеп тастады.Ұқыпсыз балаКітапты бүктеп тастады,Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Әлді бала - әлдірек,Әлсіз бала - тәлтірек.
Баланың жаман баға алмағаны,Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,Тазша бала тұщы сумен аузын шайды.
Даланы қар жабар,Қарға балалар аққала қалар.