Алғыс айту күні құтты болсын туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 13
Құттықтау, тілектер: 14
Шығармалар: 2
Эсселер: 3

Жарқырасын жаныңыз!
Жарқырасын, жаныңыз, Гүлдей жайнап бағыңыз! Айтарым тек мың алғыс, Атсын сәтті таңыңыз!
©  Алғыс айту күні
Рахметім көп менің!
Рахметім көп менің, Сыныптастар, достарым! Мың алғыс айтам, жасай түс, Ашық болып аспаның!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, алғыс айтарым!
Рахмет алғыс, айтарым, Ағайын, туыс бауырға! Рахмет игі жақсылар, Жаны жайсаң қауымға!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Әке өзіңе!
Рахмет, Әке өзіңе, Өсірдің баптап, жетелеп! Рахмет Ана өзіңе, Жүрмін сізге еркелеп! Мың алғыс айтам сіздерге, Адамсыздар ең керек!
©  Алғыс айту күні
Рахмет көрші, достарға!
Рахмет, көрші достарға, Табылатын қасымнан! Мың алғыс айтам сендерге, Жаралған жан, асылдан!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Ұстаз анаға!
Рахмет ұстаз анаға, Үйрететін білімін! Рахмет ұстаз әкеге, Биіктетер тұғырын!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Жаттықтырушыға
Жаттықтырушыға, рахмет, Үйрететін тәлімін! Мың алғыс барша адамға, Еңбегі көп бәрінің!
©  Алғыс айту күні
Рахмет Қарындасыма
Рахмет Қарындасыма, Еркелейтін қасымда! Рахмет бауырларыма, Болар әркез осында!
©  Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күнімен!
Құттықтаймын сіздерді, Алғыс айту күнімен! Рахмет барша, асылдар, Сусындатар біліммен!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Жадырасын жанымыз. Мың алғыс игі жандарым, Жоғалмасын сәніміз!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнімен!
Құттықтаймын сіздерді,Алғыс айту күнімен! Жаны жайсаң Қазағым, Нұр кетпесін жүзіңнен!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс сізге, Анашым!
Мың алғыс сізге, Анашым, Бар жақсыны бересіз. Мейіріммен аялап, Мені жақсы көресіз!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған Жаратқан!
Мың алғыс саған, Жаратқан, Өмір бердің біздерге! Шуағын шашты әр ақ таң, Саулық беріп ізгі елге!
©  Алғыс айту күні