Көк байрақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 8

Олар біздің бағымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Олар біздің бағымыз. Көкжиектен ататын, Нұрын шашар таңымыз.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздер ол жанымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Рәміздер ол жанымыз. Ұлтты бастар тек алға, Рәміздер ол барымыз.
©  Жібек Ысқақова
Отыз жылдық Рәміздер
Отыз жылдық Рәміздер, Қазаққа шын дем берген. Елтаңба, Ту, Әнұран, Жүректерде тербелген.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздерсіз күн қайда
Рәміздерсіз күн қайда?! Бет бейнесі қазақтың. Елтаңба, Ту, Әнұран, Бейнесіндей ғажаптың
©  Жібек Ысқақова
Көңілге күй беретін
Рәміздерге мың алғыс, Көңілге күй беретін. Бейнесі боп қазақтың,. Еліме сый беретін.
©  Жібек Ысқақова
Бейнесі олар қазақтың
Бар әлемге танытар, Бейнесі олар қазақтың. Жасай берсін, Рәміздер, Алға бастап ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Бұлар біздің Рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран, Бұлар біздің Рәміздер. Құтты болсын биылғы, Отыз жылдық— Рәміздер!
©  Жібек Ысқақова