Рәміздер күні 30 жыл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 4

Олар біздің бағымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Олар біздің бағымыз. Көкжиектен ататын, Нұрын шашар таңымыз.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздерге бас ием
Рәміздерге бас ием, Елтаңба, Ту, Әнұран. Баурап елді өзіне, Бейнесімен таң қылған.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздер ол жанымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Рәміздер ол жанымыз. Ұлтты бастар тек алға, Рәміздер ол барымыз.
©  Жібек Ысқақова
Отыз жылдық Рәміздер
Отыз жылдық Рәміздер, Қазаққа шын дем берген. Елтаңба, Ту, Әнұран, Жүректерде тербелген.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздерсіз күн қайда
Рәміздерсіз күн қайда?! Бет бейнесі қазақтың. Елтаңба, Ту, Әнұран, Бейнесіндей ғажаптың
©  Жібек Ысқақова
Мақтанамыз олармен
Елтаңба, Ту, Әнұран, Мақтанамыз олармен. Олар үшін әрқашан, Әсем әнге салар ем.
©  Жібек Ысқақова
Бейнесі олар қазақтың
Бар әлемге танытар, Бейнесі олар қазақтың. Жасай берсін, Рәміздер, Алға бастап ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Бұлар біздің Рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран, Бұлар біздің Рәміздер. Құтты болсын биылғы, Отыз жылдық— Рәміздер!
©  Жібек Ысқақова