Тойда амандасу үлгілері туралы Тақпақтар ✍️
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 10
Нағашылар - тойда амандасу
Көркем сөзді күмбірлетіп төгейік,Айтар сөзді неге біздер бөгейік.Жиендерге жанашыр боп келетін,Нагашыны той төрінен көрейік!
© Асаба (тамада)
Әпке-жезделер - тойда амандасу
Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.
© Асаба (тамада)
Жеңеше - тойда амандасу
Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.Арта берсін достығың - доссыз өмір бос бүгін,Құрбы-құрдас, қанеки..
© Асаба (тамада)
Жеңгелер - тойда амандасу
Артық болмас, айналайын, жеңешем,Жер-анага, ер анага теңесем.Футболшылар командасы құрылар,Аман болсаң, қакпашысы сен екен!
© Асаба (тамада)
Аталар мен апалар - тойда амандасу
Сәлем – сөздің анасы,Мақал - сөздің данасы.Төс қағыспай көрісер,Қай қазақтың баласы!
© Асаба (тамада)