Татулық туралы Тақпақтар ✍️
Мақал-мәтелдер: 21
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 20
Нақыл сөздер: 5
Құттықтау, тілектер: 19
Баталар: 4
Әңгімелер: 4
Шығармалар: 5
Аңыздар: 1
Эсселер: 4
Бірлік күні орнасын
Бірлік күні орнасын, Тілейік деп ғажайып. Ынтымақ пен бірлігі, Қалмасын деп азайып.
© Бірлік күні
Бірлігімнің айнасы
Кірлемесін, дақ түсіп, Бірлігімнің айнасы. Бойымызға дарысын, Татулықтың жайлы асы.
© Бірлік күні
Бұзылмасын қаймағы
Татулық пен сыйластық, Ынтымағың жарасып. Бұзылмасын қаймағы, Бақ-береке жанасып.
© Бірлік күні
Бірінші мамыр мереке
Бірінші мамыр мереке, Ынтымақты бірлік күн. Түрлі ұлттар өкілі, Достастығы халықтың.
© Бірлік күні
Бірлігіміз жарасып
Құтты болсын мереке, Бірлігіміз жарасып. Ынтымақ пен сыйластық, Бірге жүрсін жанасып.
© Бірлік күні
Тыныш болсын еліміз
Көп ұлттардың мекені, Тыныш болсын еліміз. Ынтымақ пен бірлікте, Тыныш болсын жеріміз.
© Бірлік күні
Есте қалар күн осы
Есте қалар күн осы, Бірлік күні ғажайып. Мерекеде шаттана, Әсем әнге салайық.
© Бірлік күні
Болсын бәрі бақытты
Бірлік күні жанданып, Болсын бәрі бақытты. Мерекеде жүріңіз, Жақсы өткізіп уақытты
© Бірлік күні
Бұзылмасын бірлігім
Қазақстан елімде, Бұзылмасын бірлігім. Құтты болсын мереке, Естен кетпей бұл күнім.
© Бірлік күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттық болып енейін. Сіздер үшін ұстаздар, Тақпақ айтып берейін. Құтты болсын мерекең, Ынтымаққа бастайтын. Шынайылық жалғасып..
© Бірлік күні
Құтты болсын мереке
Әр жыл сайын келетін, Құтты болсын бірлік күн. Ынтымақ пен жарассын, Таусылмайтын бірлігің.
© Бірлік күні
Құттықтаймын әкешім
Асқар тауым Әкешім, Тәрбие берер біздерге. Бірлік күні құттықтап, Бас иемін сіздерге.
© Бірлік күні
Құттықтаймын анашым
Бүгін бірлік күнімен, Құттықтаймын анашым. Ынтымаққа бастайтын, Анашым сен дарасың.
© Бірлік күні
Еркелейтін аташым (атама
Құтты болсын мереке, Еркелейтін аташым. Ынтымақ пен бірлікті, Тілеп әркез жатасың.
© Бірлік күні
Бүгін бірлік күнінде
Шаттанайық, қуанып, Бүгін бірлік күнінде. Би білейік ән айтып, Сыйласып біз күніге.
© Бірлік күні
Құтты болсын мерекең
Бірлік күні осы күн, Құтты болсын мерекең. Ұйғыр, тәжік, барша ұлт, Артсын деймін берекең.
© Бірлік күні
Тақпақ айтып берейін
Мерекеде бүгінгі, Тақпақ айтып берейін. Бірлік күні сіздерге, Шаттық үнін себейін.
© Бірлік күні
Бала жүрек үндесін
Бала жүрек үндесін, Бірлік күні сіздерге. Айтсын рахмет, алғысын, Ата-әжелер біздерге.
© Бірлік күні
Бірлік күні жалғассын
Біздер үшін ғажайып, Мереке бұл бірлік күн. Кел билейік балалар, Сыйластықта етіп үн. Әнді айтып берейік, Жиналған көп қауымға. Биді билеп берейік..
© Бірлік күні
Мен бақытты баламын
Бірлік күні туылған, Мен бақытты баламын. Ынтымақты ту етіп, Айтқан тілді аламын. Бірлік күні туылған, Мен бақытты баламын. Сыйластықты жырлатып..
© Бірлік күні
Жүрегіңе енемін
Бірлік күні мереке, Тақпақ айтып беремін. Қылығыммен тәп-тәтті, Жүрегіңе енемін.
© Бірлік күні
Сіздер үшін өлеңім
Сіздер үшін айтылар, Ән мен жырым, өлеңім. Бірлік күні ғажайып, Көңілге күй беремін.
© Бірлік күні
Бірлік күні бүгін бұл
Ынтымақтың мейрамы, Бірлік күні бүгінгі. Кел балақай қалайық. Естіп ән мен жырыңды.
© Бірлік күні
Бастауындай бұлақтың
Бұл мереке ғажайып, Бастауындай бұлақтың. Ғажайыптың сусынын, Ішуге мен құмарттым.
© Бірлік күні
Көңілге күй беретін
Ынтымақ пен бірлік күн, Көңілге күй беретін. Түрлі ұлттар ән салып, Таусылмас сый беретін.
© Бірлік күні