Әріп жұмбақтар туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 12

Жыланда жоқ,Шаянда бар.Бұланда жоқ,Баянда бар.(Я)
©  Ескен Елубаев
Қоюда бар,Сұйықта жоқ.Тоюда бар,Тұйықта жоқ.(Ю)
©  Ескен Елубаев
Эшалонда бар,Керуенде жоқ.Эрмитажда бар,Серуенде жоқ.(Э)
©  Ескен Елубаев
Шинельде бар,Тонда жоқ.Кительде бар,Қолда жоқ.(Ь)
©  Ескен Елубаев
Онда жоқ,Бiрде бар.Қойда жоқ,Пiлде бар.(I)
©  Ескен Елубаев
Ұзында бар,Тапалда жоқ.Қызылда бар,Қатарда жоқ.(Ы)
©  Ескен Елубаев
Разъезде бар,Ауылда жоқ.Съезде бар,Қауымда жоқ.(Ъ)
©  Ескен Елубаев
Балтада жоқ,Шалғыда бар.Қалтада жоқ,Шаңғыда бар.(Ш
©  Ескен Елубаев
Сербте жоқ,Чехта бар.Гербте жоқ,Чекте бар.(Ч)
©  Ескен Елубаев
Сырықта жоқ,Циркте бар.Сыныпта жоқ,Цинкте бар.(Ц)
©  Ескен Елубаев
К-дан бастасаң – Күріш. Д-дан бастасаң не?(Дұрыс)
А-дан бастасаң – Аға. Ж-дан бастасаң не?(Жаға)