Әріп жұмбақтар жауабымен туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 32

Ахметте бар,Айшада жоқ.Шахматта бар,Қайшада жоқ.(Х)
©  Ескен Елубаев
Мыста жоқ,Фосфорда бар.Қышта жоқ,Форфорда бар.(Ф)
©  Ескен Елубаев
Əнде жоқ,Күйде бар.Пəнде жоқ,Үйде бар.(Ү)
©  Ескен Елубаев
Жұртта бар,Бiзде жоқ.Бұлтта бар,Күзде жоқ.(Ұ)
©  Ескен Елубаев
Шашта жоқ,Мұртта бар.Баста жоқ,Құртта бар.(Т)
©  Ескен Елубаев
Табақта жоқ,Кеседе бар.Қабақта жоқ,Көседе бар.(С)
©  Ескен Елубаев
Қарда бар,Шықта жоқ.Жарда бар,Ықта жоқ.(Р)
©  Ескен Елубаев
Партада бар,Тақтада жоқ.Пальтода бар,Қалтада жоқ.(П)
©  Ескен Елубаев
Елiкте жоқ,Көлiкте бар.Берiкте жоқ,Бөрiкте бар.(Ө)
©  Ескен Елубаев
Менде бар,Меңде жоқ.Сенде бар,Сеңде жоқ.(Н)
©  Ескен Елубаев
Мамырда бар,Ақпанда жоқ.Қамырда бар,Ақ нанда жоқ.(М)
©  Ескен Елубаев
Селде бар,Сеңде жоқ.Желде бар,Жерде жоқ. Л
©  Ескен Елубаев
Сəкiде бар,Қорада жоқ. Бəкiде бар,Арада жоқ.(К)
©  Ескен Елубаев
Айда бар,Күнде жоқ.Шайда бар,Түнде жоқ.(Й)
©  Ескен Елубаев
Мысықта жоқ,Итте бар.Күшiкте жоқ,Китте бар.(И)
©  Ескен Елубаев
Əжеде бар,Шешеде жоқ.Көжеде бар,Көшеде жоқ.(Ж)
©  Ескен Елубаев
Шахтёрда бар,Көмiрде жоқ.Вахтёрда бар,Темiрде жоқ.(Ё)
©  Ескен Елубаев
Үйде жоқ,Далада бар. Бiрде жоқ,Дарада бар.(Д)
©  Ескен Елубаев
Тағада бар,Тұяқта жоқ.Жағада бар,Құлақта жоқ.(Ғ)
©  Ескен Елубаев
Вагонда бар,Жолда жоқ.Заводта бар,Қолда жоқ.(В)
©  Ескен Елубаев
Балда бар,Қантта жоқ,Байда бар,Халықта жоқ.(Б)
©  Ескен Елубаев
Сəбитте бар,Ғабитте жоқ.Мəлiкте бар,Хамитте жоқ.(Ə)
©  Ескен Елубаев
«Əлiппеде» жоқ,Қаламда бар.Əрiптерде жоқ,Ғаламда бар.(А)
©  Ескен Елубаев
Мынау доға,Қарайық зер салып,Ұқсайды оған қайсы əрiп?(Л əрпi)
©  Ескен Елубаев
Қамытқа тұрған –Қарайық зер салып.Ұқсайды оған қайсы əрiп?(Д əрпi)
©  Ескен Елубаев