Ай туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 47
Жұмбақтар: 99
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 229
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 6
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 1

Көк төрінде жоғары,
Ілулі тұр атамның
Сапталмаған орағы.
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді.
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.

жауабы - Күн, Ай, Тәулік
Мекені көкте екі ару,
Бір-бірін көруге зәру.

жауабы - Күн мен Ай
Әлемнің бар екі күзетшісі;
Бірі — күндіз тынығады,
Бірі — түнде тынығады.

жауабы - Күн мен Ай
Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.

жауабы - Үркер..
Алтын бәкі,
Күміс сәкі
Қырық қысырақ,
Бір сәуірік.

жауабы - Күн, Шолпан, жұлдыз, ай
Шым-шытыр, шиедей қотыр,
Оның ішінде әкем отыр.

жауабы - Жұлдыз бен ай
Тақырда Аймағамбет өліп жатыр,
Қасында есек жемі толып жатыр.

жауабы - Ай мен жұлдыз
Әуелі айтатыным асыл шөлмек,
Бір толып, бір азайып қайта келмек.
Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ,
Адамға оңай емес санап білмек.

жауабы - Ай..
Тақырда тайдың ізі,
Айналасы қойдың ізі.

жауабы - Ай мен жұлдыз
Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.
Тап-тап, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян-ақ,
Тайшыағардан су ішіп,
Туып тұрған дуадақ.
Он төрт - он бес жасында
Адамның басындай.
Бір және отыз жасында
Адамның қасындай.
Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене?
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын.
Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
Жабықта жарты нан.
Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.
Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.
Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар.
Керегенің басында кепкен бауыр,
Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!
Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Үй астында ақ тоқым.