Үркер туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 12
Өлеңдер: 7
Әңгімелер: 1

Бір ұяға жайғасты,Үйректің алты баласы.(Үркер)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бауырынан алты қаттың,Бірдей алты шеге таптым.(Үркер)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.

Жауабы: Шолпан..
Аспанда ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи жүреді жерге қонбай.
Туғанда алтау едім,
Өле-өле жетеу болдым.
Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы қорқады екен тоты..
Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.

жауабы - Үркер..
Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сары тегене,
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты қанат кере.

жауабы ..
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын?

жауабы ..
Көрінді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

жауабы..
Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегi бағдаршам.
Күзде шығыстан,
Қыста төбеден,
Көктемде батыстан көрiнетiн,
Шiлдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не?