Жетіқарақшы туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 7

Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Екі жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі бір қызға ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.

жауабы ..
Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы қорқады екен тоты..
Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.

жауабы - Үркер..
Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сары тегене,
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты қанат кере.

жауабы ..
Аспанда ұшып жүрген жеті торғай,
Барады бір-біріне қосыла алмай.

жауабы - Жетіқарақшы
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын?

жауабы ..
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін таңдап алдым ерекше..