Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Түп нұсқа –Сан.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Дəм.(Жетi – Ет)
©  Ескен Елубаев
Түпнұсқа –Қалтаңдағы зат – тiсi көп кiл.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Оның да тiсi көп өткiр.(Тарақ – Ара)
©  Ескен Елубаев
Уызда жоқУыста барТауықта жоқ,Тауыста бар(С)
©  Ескен Елубаев
Кiм қаһарман,Кiм батыр?Ел неден бiлiп жатыр?(Медаль, Орденiнен)
©  Ескен Елубаев
Кiм болады бұ кiсi,Ерекше киiм үлгiсi.Шалбар киген қызыл жолақ,Айырмасы жалғыз сол-ақ.(Генерал)
©  Ескен Елубаев
Лентасымен шұбалған,Шаршы аланда секiрiп,Мың бүктелiп бұралған.(Көркем гимнасшы)
©  Ескен Елубаев
Бiрiн-бiрi ұрғалы,Киiптi қолғап былғары.(Боксшы)
©  Ескен Елубаев
Аспандағы қалпыБiрде «С» əрпi,Бiрде «О» əрпi.(Ай)
©  Ескен Елубаев
Бiр қызығы бұл əрiп, –Тура тұрса бiр əрiп,Төңкерiлсе бiр əрiп.(«Р», «Ь»)
©  Ескен Елубаев
Сала алмайсың оған ер,Ерi үстiнде,Мiне бер.(Түйе)
©  Ескен Елубаев
Тiк тұрған қалпы,«Һ» əрпi.(Керік, орысша-Жираф)
©  Ескен Елубаев
Алдымен туратар,Артынан жылатар.(Пияз)
©  Ескен Елубаев
Қылда бар,Жүнде жоқ.Жылда бар,Күнде жоқ.(Ы)
©  Ескен Елубаев
Шиеде бар,Мейiзде жоқ.Биеде бар,Өгiзде жоқ.(И)
©  Ескен Елубаев
Дарада бар,Көпте жоқ.Далада бар,Шөпте жоқ.(Д)
©  Ескен Елубаев
«О»-дан бастасаң –Терең қазған жер,«Ө»-ден бастасаң –Биiк бел.(Ор – өр)
©  Ескен Елубаев
«Ə»-ден бастасаң –Қалжың, мысқыл. «Ə»-нi алып тастасаң –Жабайы көкөнiс қышқыл.(Əжуа – жуа)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Батырларға қару.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Мойнына тағар ару.(Қалқан – Алқа)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Асыраған малың.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Мекенжайың.(Түйе – Үй)
©  Ескен Елубаев
Алғашқы түбiр сөз –Бояудың түрi.Екiншi түбiр сөз –Өсiмдiктiң бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Курорт iрi.(Сары + Ағаш – Сарыағаш)
©  Ескен Елубаев
Алғашқы түбiр сөз –Аспаннан тұрған сорғалап.Екiншi түбiр сөзСүт тағамы доңғалақ.Екеуiн қосып оқысаң –Жəндiк жүрген жорғалап.(Жауын + Құрт – Жауынқұрт)
©  Ескен Елубаев
Уызда бар,Уыста жоқ.Ауызда бар,Тауыста жоқ.(«З»)
©  Ескен Елубаев
Құрықта барСырықта жоқҚұдықта барҚырықта жоқ.(«Ұ»)
©  Ескен Елубаев
Дүлдүлде бар,Бұлбұлда жоқ.Үңгiрде бар,Шұңқырда жоқ.(«Ү»)
©  Ескен Елубаев
«Л»-дан бастасаң –Жер лас.«М»-дан бастасаң –Жейтiн ас.(Лай – Май)
©  Ескен Елубаев