Спортшы туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 4
Құттықтау, тілектер: 2
Әңгімелер: 1

Лентасымен шұбалған,Шаршы аланда секiрiп,Мың бүктелiп бұралған.(Көркем гимнасшы)
©  Ескен Елубаев
Қайықта жалғыз ескек,Онымен қалай еспек!(Байдаркашы)
©  Ескен Елубаев
Мұзды алаң,Билеп жүр екi адам.(Мұзда билеу)
©  Ескен Елубаев
Өрмелеп биiк шыңға,Түсетiндер сынға.(Альпинист)
©  Ескен Елубаев
Мылтықпен көздеп атқандар,Аспандап ұшқан табақтыБыт-шыт қылып жатқандар?(Мерген атқыштар)
©  Ескен Елубаев
Шеберлiк көрсетiп жүргендер,Ағаш атқа мiнгендер.(Гимнасшы)
©  Ескен Елубаев
Қарсылас екi топ,Суда ойнап жүр доп.(Ватерполшы)
©  Ескен Елубаев
Мiнiп алып арғымақ,Кедергiлерден қарғымақ.(Ат спортшысы)
©  Ескен Елубаев
Найза лақтырып алысқа,Түсетiндер сайысқа.(Найза лақтырушылар)
©  Ескен Елубаев
Екi мықты «мен» дескен,Бiр-бiрiмен белдескен.(Палуан)
©  Ескен Елубаев
Мұз айдында тайғанақ,Жарысқандар сырғанап.(Конькишi)
©  Ескен Елубаев
Күштiлер бар небiр,Көтерген ауыр темiр.(Штангашы)
©  Ескен Елубаев
Допты алып қолға,Дəл түсiрген торға.(Баскетболшы)
©  Ескен Елубаев
Ұзын сырық қолында,Секiрер биiк жолында.(Сырықпен секiрушi)
©  Ескен Елубаев
Қырық екi шақырым қашықтан,Жүгiрiп өтiп машыққан.(Марафоншы)
©  Ескен Елубаев
Жүз метрге жүгiрген,Желаяқты кiм бiлген?(Спринтер)
©  Ескен Елубаев
Кiмнiң ұшқыр ойы?Жарысатын кiмдер, айт,Бiрнеше этап бойы?(Велосипедшiлер)
©  Ескен Елубаев