Жақсылық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 74
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 76
Нақыл сөздер: 67
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Жақсылықты қызғанба,
Бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең,
Дүние қызық өтеді.
Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.
Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Жақсылық етсең, жарты етпе.
Жақсылық ұмытылмас.
Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.
Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Жақсыда кек жоқ.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.
Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.