Қазақ мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 62
Туындылар: 1

Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда.
Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.
Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын.
Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас
Алдыңа бір қарасаң, артыңа екі қара.
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.
Шошқаға ерген – балшыққа аунар.
Әңгіме жол қысқартады.
Көргенді кісі
Көргенін айтар,
Көргенсіз кісі
Бергенін айтар.
Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
Ата өнері - балаға мұра.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Шабыспақ оңай, табыспақ қиын.
Кеңесіп кескен қол ауырмас.
Тілеп алған аурудың емі жоқ.
Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол, біреуің құйрық, біреуің қанат бол.