Бақыт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 52
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 478
Нақыл сөздер: 192
Туындылар: 2
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 7
Поэмалар: 5
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 16

Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.
Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.
Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.
Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.
Бақыт көктемгі бұлт сияқты,
Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады.
Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.
Асқан сұлулықтан
Аз ғана бақыт артық.
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.
Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.
Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.
Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Азат елін сүйген ұл — бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты.
Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.
Бақыт шыбын сияқты —
Бірде гүлге қонса,
Бірде көңге қонады.
Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.
Ер бақыттың
Қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.
Жыртық жерді жел табар,
Шын бақытты ел табар.
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын —
Бақыт деген..
Бақыт кетсе басыңнан:
Әуелі досың мен құдаң кетер.
Бидай еккен жеріңе
Мия мен тікен бітер.
Бақыт, байлық басыңа қайта оралса:
Кеткен достар әр..
Жақсы жұбай — жарым бақыт.
Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.
Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.
Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!
Татулық - табылмас бақыт.