Жалғыздық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 47
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 165
Нақыл сөздер: 18
Әңгімелер: 3
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас.
Жалғыздың ісі бітпес,
Созса қолы жетпес.
Бедері кеткен торқадан,
Бек тоқыған бөз артық.
Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.
Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.
Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.
Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Бір де болса — бірегей
Сүт бетінде кілегей.
Азды аяған көптен құр қалар.
Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл.
Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.
Жатқа жалшы жүргізген
Жарлылықтың салдары.
Жабағы-тай мінгізген
Жаяулықтың салдары.
Бөлінген бүлінеді.
Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас.
Жарлының жайын
Жарлы біледі,
Жарлы білмесе,
Сорлы біледі.
Ағайын қадірін білмесең,
Жалғыздық берсін сазаңды.
Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.
Екі бас,
Екі басқа малта да ас.
Жұлдыз тумай ай болмас,
Жұрынды болмай бай болмас.
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба болмас.
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді.