Отан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 67
Тақпақтар: 35
Өлеңдер: 242
Нақыл сөздер: 26
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 1
Шығармалар: 11
Эсселер: 4

Отан от басынан басталады.
Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.
Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.
Отанын сатқан оңбас.
Отаның тыныш — сен тыныш.
Отандасыңмен отқа түс,
Күймейсің.
Отандасыңмен отқа ұш,
Өлмейсің.
Отанын сатқан — ант атқан.
Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің.
Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды.
Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді.
Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
Сұңқар қиясын сағынады.
Торғай ұясын сағынады.
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
Отансыздың оты жанбайды.
Ер туған жерінде, ит тойған жерінде
Отан - елдің анасы,
Ел - ердің анасы.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Отан - оттан да ыстық.
Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.